Атырау, 23 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кеденшілер жеңіп шықты

1 881 просмотра

Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті «Евро Азия Эйр» АҚ-ның талап арызы бойынша көтерілген  істе жеңіп шықты.

Сот талқылауы екі жылдан аса уақытқа созылды.2010 жылдың сәуір айында Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кедендік бақылау қосынының қызметкерлері «Евро Азия Эйр» АҚ-на ішкі экономикалық қызметке қатысты жоспарлы тексеру жүргізді. «Тексеру барысында “Евро Азия Эйр” АҚ жүгінің кедендік декларациясы бойынша жалпы кедендік құны шамамен 15 млн. АҚШ доллары болатын екі азаматтық тікұшақтың шеттен әкелінгендігін анықтады. Көрсетілген тауарды кедендік рәсімдеу барысында шамамен 333 млн. теңге импортқа салынатын ҚҚС есепке жатқызу әдісі бойынша төленген және «жеке өндірістік қажеттілік үшін әкелінген тауарды мақсатты қолдану туралы» міндеттемемен қабылданған болып шықты. Яғни, құжат бойынша фирма тікұшақтарды өзі үшін сатып алған болады. Тексеру барысында “Евро Азия Эйр” АҚ бұл тікұшақтарды мақсатты бағытта қолданбағандығы, тікұшақтарды басқа бір компанияға тасымалдау қызметін көрсету үшін бергендігі анықталды, - дейді Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің  қызметкері Жанар БАЙҒАЛИЕВА.

Кеденшілер авиаторларға бюджетке ҚҚС бойынша 333 млн. теңге  және 221 млн. теңге көлемінде өсімді өтеу жөніндегі ұйғарымды жолдады. «Евро Азия Эйр» әуе компаниясы кедендік органның шешімімен келіспей сотқа талап арыз берді. Осы азаматтық істің ҚР сот органдарындағы қаралған қорытындысы бойынша Жоғарғы соттың Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің өтінішін қанағаттандыру туралы қаулысы шығарылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Зүлфия ИСКАЛИЕВА

25 тамыз 2011, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.