ALASHAINASY.KZ «Несиені долларға айналдырып депозитке салу қисынды ма?» - Нақ қазір көрші Ресей экономикасының ахуалы, рубльдің күн сайын құнсызданып жатқаны, Ресейдегі жағдайдың ауырлағаны, біздегі бұқараның да көңіл-күйін бұзып тұрғаны жасырын емес.
«Қазақстанда көлік бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін» - Алматыда көлік арзандады. Бірнеше күнде машина құны бірден 30 пайызға дейін төмендеп кеткен.
«Қазақстандық "шоу-бизнес" өкілдерінің хоббиі қандай?» - Әр қадамы халықтың бақылауында болатын өнер адамдарының қолынан тек ән айтып, би билеу, рөл ойнау, көлік жүргізу, тойға бару келеді десеңіз қателесесіз.
AZATTYQ. ORG «2050 жылы адамзат шегіртке жей бастай ма?» - ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат өзін өзі асырай ала ма?
«Батыс Қазақстан облысының мыңдаған тұрғыны газсыз отыр» - Орынбор-Новопсков газ құбырының бір бөлігінде болған ірі апат Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының сегіз ауылын газсыз қалдырды.
«Украинаға әскери көмек тағы сөз болды» - «Мәскеу Украинаның шығысындағы бүлікшілерге әскери көмегін арттырды, енді Батыс Киевке қару жеткізбесе болмайды» деушілер қатары көбейіп келеді.
«Ата-бабам жүрген жол туралы кино түсірмекпін» - Түркияда тұратын этникалық қазақ Баһадүр Хакім – он шақты фильмге түскен актер. Көбінесе Шығыс Азия халықтарының өкілі болып ойнайтын жігіт «қазақтың атын әлемге кино арқылы танытсам» дейді.
AIKYN.KZ «Жабайы пиарды кім тыяды?» - Жас рэпер Сәнім Әлбосынованың бейнебаяны осы аптада бүкіл ғаламторды шарлап, көпшіліктің сыны мен талқысына ұшырады.
«Мигранттар тасқыны ел нарығына қауіпті ме?!» - Жақында Денсаулық және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова одаққа мүше елдерден еңбек мигранттары тасқыны болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарған еді.
«Еуропа енді біліпті» - Сталин кезеңіндегі ашаршылық бір жарым миллион қазақтың өмірін жалмады. 1930 және 1933 жылдары Қазақстан халқының төрттен бірі көз жұмды.
ABAI.KZ «Белгісіз бейіт пен біздегі екі түрлі культ» - Өткен аптада Сауд Арабиясының королі Әбдулла ибн Әбдул Әзиз қайтыс болды. Арманы жоқ екен: тоқсаннан асты, талай жыл ел басқарды, отыз рет үйленіпті, жеті ұл, он бес қызы қалыпты артында. Күллі мұсылман өзіне парыз санайтын қажылыққа баратын қасиетті Мекке мен Мәдина орналасқан ерекше мәртебелі мемлекет. Ондай елге билік жүргізудің өзі аса құрмет әрі міндет емес пе?
JASQAZAQ.KZ. «Тәртіп орнату» - немесе қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетовтың алғашқы дабылы, әскери оқу-жаттығу мен жоғары шенді әскерилерді қызметтен босатуы.