Атырау, 19 желтоқсан 17:16
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Тарих таразысында ел басқарушылар мен ұлт зиялылары бiрдей жауапкер».«2015: Орталық Азиядағы ең маңызды он оқиға».«Қырғызстан азаматтары не үшін Сирияда соғысып жүр?». «”Қаржы тойға емес, ғылымға көбірек бөлінсе екен” дейді тарихшы».

2 069 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Тарих таразысында ел басқарушылар мен ұлт зиялылары бiрдей жауапкер» – «Зиялылық» араб тіліндегі «зия» деген түбір сөзден шығады.

«2015: Орталық Азиядағы ең маңызды он оқиға» - Халықаралық жағдайдың қазіргідей құбылмалы кезеңінде пайда болатын жаһандық, аймақтық сынақтар мен қауіп-қатерлер сияқты тенденциялар саяси-экономикалық проблемаларды шешуде маңызды факторға айналады.

«Қазақ ұлтшылдығы қашан, қалай қалыптасты немесе ұлтшыл дегеніміз кім?» - Қазіргі қоғамдық санада «Ұлтшылдық» ұғымы жағымсыз реңкке ие болып, ол жөнінде айтыла қалса, ойымыз тіпті нацизмге дейін әлдебір сұрықсыз, тұрпайы құбылысты бейнелейтін деңгейге жеткен.

«Отандық өнімді қорғай аламыз ба?» - Былтыр ғана Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер шекараларындағы кедендік бекеттерді алып тастап, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күштерінің еркін қозғалысына мүмкіндік ашқан еді.

AZATTYQ. ORG        «Қырғызстан азаматтары не үшін Сирияда соғысып жүр?» - Қырғызстан ішкі істер министрлігі өкілі Азаттыққа Сирияға кеткен азаматтар жайлы мекеме зерттеуі жөнінде айтып берді. Оның сөзінше, адамдар соғысқа радикалдық идеология ықпалымен кеткен.  

«Қытайларға Украинадан қалыңдық іздеуді ұсынады» - Пекин Қытайдың бойдақ жігіттеріне қалыңдықты шетелден, оның ішінде Украинадан іздеуді ұсынып, әйел тапшылығы проблемасын шешуге тырысып отыр.

«Путиншіл әншілер - екіжүзді» - Нью-Йоркте Чайковский операсын қойған ресейлік әртістерге бір көрермен наразылық танытып, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты саясатын айыптайтын плакат ұстап, сахнаға шығып кетті.

«Тергеудегі атеист ісінің тексерілмей жатқанына бір жылдан асты» - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, ісі тергеуде жатқан атеист әрі құқық қорғаушы қылмыстық айыптауға негіз болған дүниетанымдық көзқарастарын әлі жариялап жүр. Қазір Алматыда жүрген оның қылмыстық ісінің тексерілмей жатқанына бір жылдан асқан.

«”Қаржы тойға емес, ғылымға көбірек бөлінсе екен” дейді тарихшы» - Азаттыққа сұхбат берген ғалым Нұрлан Атығаев Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту науқанының ғылымға не пайдасы болуы мүмкін екенін айтты.

«Александр Дугиннің Грекиядағы одақтастары» - Грекияда сайлауда жеңіске жеткен СИРИЗА партиясы басшылығымен Ресейдегі еуразияшылдық қозғалыс идеологы тығыз байланысты болып шықты.

«Lexus мінген баланың кім екені “белгісіз”» - Жас баланың көлік жүргізгенін көргендер оның ата-анасына наразы болды. Ал полиция көлік иесі табылғанын, енді әкімшілік жазаға тартылатынын айтады.

AIKYN.KZ   «Ары тарт та, бері тарт...» - Еліміздегі жоғары оқу орындары салалық министрліктерге беріле бастады. Бәлкім, мұндай реформалар да қажет шығар. Өйткені әр министрлік өздеріне қажетті мамандарды өздері даярлап алмақ.

ZHEBE.COM   «Дос Көшім, қоғам қайраткері: “мемлекеттің досы жоқ, тек мүддесі ғана бар”..» - Әлемдегі саяси дағдарыстар, соның ішінде үлкен көршіміз Ресейдегі ахуал... Онымен қабаттасқан әлемдік мұнай бағасының түсіп кетуі...

2 ақпан 2015, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.