Атырау, 19 желтоқсан 17:15
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Доллардан құтыламыз деп рубльге тұтылып қалмайық». «Евроның көбеюі жағдайды түзей ала ма?». «Біздің шенеуніктерді үнемге үйрете аламыз ба?» .«Жат елде танылған қазақтар». «Лукашенко Ресейден айнып, ЕО-ны таңдай ала ма?».

2 547 просмотра

ALASHAINASY.KZ     «Доллардан құтыламыз деп рубльге тұтылып қалмайық» - Арзан рубльді пайдаланып, жапа-тармағай Ресейге ұмтылып, тауар сатып әкеліп, аптығын басқан қазақстандықтардың кейбірі енді ойлана бастады. 90-жылдардағыдай дағдарыс болса, бұл қымбат көлік есік алдында қаңтарылған темір боп бос қалса қайтем деген ойлар да мазаны қашыратындай...

«Ресейдің арзан тауары желкемізден шығып жүрмесін...» - Кедендік одақ құрылған тұста мұнайдың бағасы бүгінгі деңгейге дейін құлдырайды деген болжам болмаған шығар.

«Евроның көбеюі жағдайды түзей ала ма?» - 2014 жылды әлемдік экономика, оның ішінде Еуроодақ экономикасы рецессиямен қорытындылағанын бұған дейін де жазғанбыз. Турасын айтқанда, Еуроодақ экономикасы 2008 жылғы дағдарыстан бері жөнделе қойған жоқ.

«Ресейдің халықаралық төлем жасаудан шеттетілу қаупі нені меңзейді?» - Еуропа Одағының басшылары одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінен Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыруды сұрап отыр.

«Біздің шенеуніктерді үнемге үйрете аламыз ба?» - Бірқатар елдер әлемдік дағдарыстың алдын алу мақсатында үнемшілдікке кірісіп те кетті.

«Бүгінгінің мұғалімі білім беруді емес, бастық пен комиссияның көңілін табуды ойлайды» - Елбасының өзі «қағазбастылықты қойып, мұғалімдер білім берумен, дәрігерлер ем жасаумен айналыссын» деген болатын.

AIKYN.KZ   «Евроның көбеюі жағдайды түзей ала ма?» - 2014 жылды әлемдік экономика, оның ішінде Еуроодақ экономикасы рецессиямен қорытындылағанын бұған дейін де жазғанбыз. Турасын айтқанда, Еуроодақ экономикасы 2008 жылғы дағдарыстан бері жөнделе қойған жоқ.

«Банктердің мұнысы несі?» - Елбасы долларға деген тәуелділікті азайту қажеттігін нықтап, міндет қойды, ал банктер болса, кері бағытта қозғалып барады. Кеше депутаттар осылай дабыл қағып, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетовке хат жолдаған болатын.

«Алтынға бергісіз қызыл жұлдыз» - Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл жетпіс жыл болады. 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 1945 жылғы 8 мамырда фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.

«Жат елде танылған қазақтар» - Әлемді аузына қаратқан, талантына қазақ жері тарлық етіп жүрген хас дарындардың Мәскеу асып кетуі қазір өткен уақыттың еншісінде қалды. Қазір қазақтың назары Ресей емес, шетелге ауа бастады.

AZATTYQ. ORG         «Тыңшы дауы Мәскеу мен Вашингтон араздығын өршітті» - АҚШ федералдық тергеу бюросы осы апта тыңшы деген күдікпен Ресей азаматын тұтқындады. Ал ресейлік сарапшылар «барлаушы топ аса құнды деректер жинаумен айналыспаған» дейді.

«Лукашенко Ресейден айнып, ЕО-ны таңдай ала ма?» - Ресейдің Украинаға қатысты саясатынан соң Мәскеу мен Минск арасы салқын тартты. Енді Александр Лукашенко Еуропа Одағымен қарым-қатынасын жақсартуды көздей ме?

SERKE.ORG. «Путин және Обама. Қырым мен Донбасс халқы кімді жақсы көреді?» -Бірақ дауға айналған жерлерде Путинді қаншалықты жақсы көреді? Дәл айтқанда, әңгіме Қырым және сәуір айында ол «Новороссия» деп атаған жер туралы болып отыр.

QAZAQUNI.KZ    «Еуропаның басты уайымы не?» - Осыдан біраз жыл бұрын Самюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» атты еңбегіне күмәнмен қарағандар көп еді. «Сауын сиырдың сарқылмас “жыры”…»  - 31 желтоқсанда жылы үміт үрлеген үкіметіміз арада он күн өтпей: “Мемлекет – сауын сиыр емес” деп шыға келді.

29 қаңтар 2015, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.