Атырау, 28 желтоқсан 00:23
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Сөйлеуге қиналсам да мені құрметтейді»

2 581 просмотра

«ЭйЭлСиСи» лингвистикалық орталығында облыстық әкімдіктің қолдауы барысында барлық қалаушылар үшін тегін қазақ тілі курстары оқуда.

Бүгінде «ЭйЭлСиСи» екі орталығында мемелкеттік тілді барлық жастағы және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан екі жүзден аса адам оқып жатыр.

 Александр ТЯН, қонақ үй бизнесінде жұмыс жасайтын ол қазақша оқып, сөйлеуге үйренуді көптен бері ойлап жүрген екен:

- Өз бетімше оқуға тырыстым, бірақ, олай оқығаннан еш нәтиже шыққан жоқ. Ал, қазір менің білсем деген қызығушылығыма тілдің қажеттілігі қосылды. Қазір барлық құжаттар мемлекеттік тілге көшуде. Міне, бар-жоғы сегіз сабаққа қатыстым, екі жүзден аса сөзді үйреніп алдым. Оқуды тастап кету ойымда жоқ, өз бетімше еркін сөйлеп үйренгенше оқи бермекпін.

Айна КАУБАСОВА – курстағы корей ұлтының өкілі:

- Мен Қазақстанға Ресейден келдім. Ең қарапайым деген сөздерді білемін, бірақ, өкінішіке қарай, еркін сөйлей алмаймын. Өзім банкте жұмыс жасаймын. Сондықтан да қазақ тілін білу біріншіден, жұмысымда қажет. Екіншіден, ол менің туған тілім!

Тағы бір тыңдаушы - Сергей ПРОСКОВ:

- Осы жерде дүниеге келіп, ержетіп, өмір сүріп отырып, өзіңнің көптеген әріптестерің мен достарыңның, көршілеріңнің тілін білмеу ақымақтық сияқты болып көрінеді. Қазір мектептегі қазақ тілінен берген ұстаздарды кінәлаудың реті жоқ. Бастысы - өз қалауыңның болғаны. Мен әзірге көп нәрсе үйрене қойғаным жоқ, дегенмен, курста оқығанымды күнделікті қарым-қатынаста  жайлап қолданып келемін. Және қазақтардың олардың туған тілінде сөйлеуге тырысқаныма түсіністікпен қарайтындары қуантады. 

«ЭйЭлСиСи» лингвистикалық орталығының директоры Людмила ЛИДІҢ айтуынша, орталықта оқу әдістемелік құралды таңдауда ұзақ және мұқият жұмыстанған екен.

- Көптеген әдістемелік оқулықтар грамматиканы оқытуға негізделген болып шықты, ал, олар сабақта адамдарды жалықтырып жібереді, сөйтіп, тыңдаушылардың оқуға деген қызығушылықтары жоғалады. Бүгінгі күнгі біздің басты міндетіміз – адамдарды қазақ тілінде барынша еркін сөйлеуге үйрету,-дейді Л.Ли. –  Сол себептен біз негізгі оқыту курсын үш деңгейге – жаңа үйрене бастағандар үшін, жалғастырушылар және меңгергендер үшін деп бөлдік. Сабақтарды «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту» мамандықтары бойынша білім алған мұғалімдер жүргізеді. Оқу құралы үшін біз бүгінгі күні ең таңдаулы деп есептеліп отырған Елена Романенконың «Разговорный Казахский Легко» кітабын алдық. Онда көбіне әңгімелесуге көңіл бөлінген.   Тегін оқытатын қазақ тілі курсына жазылу жалғасуда. Болашақта қаланың барлық аудандарын қамтитын мектептер жанынан қосымша топтар ашу жоспарланып отыр. Қосымша ақпараттар алғыларыңыз келсе, 27-67-69 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 тамыз 2011, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.