Атырау, 23 желтоқсан 11:02
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Есікті жабуды «ұмытып» кеткен

2 866 просмотра

Қалалық сот тергеу изоляторының қызметкерлеріне қамаудағы үшеудің қашуына мұрындық болғандары үшін үкім шығарды.

Естеріңізге салсақ, елдің құлағын шулатқан қашу әрекетін 16 қаңтарда, түнде үш сотталушы жасаған болатын - Валерий Зарщиков, Дмитрий Бакиров және Руслан Қойлыбеков. Алайда, құлағымызға жеткен сыбыстар бойынша, ешқандай қашу болмаған, ал сотталғандарды  бес мың теңге үшін таңға дейін серуендеуге жіберген.  Және осы қауесетті ресми органдар мүлде теріске шығарып отыр. 

Тәулік ішінде үш қашқынды қала шетінде ұстаған. Олардың біреуі өткен жылдың желтоқсан айында тонау оқиғасы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған. Қалғандары айыпталушылар ретінде тергеу изоляторында есірткіге қатысты 259-бап бойынша отырғандар. 

Тергеу болжамы мынадай болды: тергеу изоляторының қызметкерлері режим корпусының камералар есіктерін әдейі ашық қалдырған, осылайша отырғандардың қашуына мүмкіндік берген. Әлгілер өздерінің камераларынан шығып, қабылдау бөліміне еніп, есікті бұзған.    

Айта кету керек, облыстық прокуратурадағы брифингте бұрын да хабарланғандай, изолятор бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Алайда, қашу кезінде қас қылғандай, олар істен шыққан. 

Нәтижесінде сот қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандығы үшін тергеу изоляторының кезекші көмекшісіне үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, ал режим корпусы бойынша жауапты қызметкерді және бақылау кіргізу пунктінің бақылаушысын немқұрайлылықтары үшін бір жылға бас бостандығынан айырды.

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.