AZATTYQ. ORG «Ресейге келсем, құсқым келеді» - Совет одағында туып, 21жылдан бері АҚШ-тың Бостон қаласында тұрып жатқан биофизик Максим Франк-Каменецкий жақында Ресейге келіп, төрт ай тұрып кетті. Елдегі ахуалдан шошыған ол ресейліктерге ашық хат жазды.
«Қазақстан конвенцияны ратификацияласа да, орындай алмай отыр» - Парламент мүгедектер құқығы туралы конвенцияны бекітті. Жүздеген мың мүгедектер мен олардың отбасыларына қосымша жеңілдіктер қарастыруға әрі құқығы мен еркіндігін қорғауға уәде етілгенімен, мемлекеттің бұл міндеттемелерді орындауға әлі дайын еместігі ескертілді.
«Бізге авиация саласында демократия керек жоқ» - Жамбыл облысында «Ан-2» шағын ұшағы апатқа ұшыраған қайғылы оқиғадан кейін кейбір сарапшылар азаматтық авиация саласын қайта құру мәселесін тағы айта бастады.
«”Автокресло” дауына министр араласты» - Ішкі істер министрі 12 жасқа дейінгі балаларды көлікке мінгізу туралы заң талабын орындау шегерілмейтінін айтты. Белсенді бұл мәселенің дауға ұласқанын министрліктен көреді.
ALASHAINASY.KZ «Cарапшы: Доллар 270 теңге болуы керек» - Кеше Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгеге қатысты ұстанымды тағы бір нықтады.
«Мұнайдың бағасы қашан тұрақталады?» - Мұнай бағасы дүниежүзін ерекше алаңдатқан бір іс болды. Ұдайы арзандау үстінде болған бағаны көтеру мақсатында талай елдің басшылары «бас қатыруда».
«Ғасырда бір келетін дағдарысқа дайынбыз ба?» - Біреу білер, біреу білмес, соңғы 100 жылда әлемдік экономика 8 дағдарысты басынан өткізген екен. Ал бүкіл әлем «әні келеді, міне келеді» деп бір-екі жылдан бері «күтіп» отырған ең ірі дағдарыс сипаты жағынан бір ғасырда бір-ақ рет болатын көрінеді.
AIKYN.KZ «Қаржы секторын не күтіп тұр?» - Қалаулылар кешегі жиынында «сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша» ұлттық заңнаманы өзгертетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа ұзатты.
«Санда бар бір құдірет...» - Әр санда адамның тағдыры жатыр. Бұл –шындық. Сонау бағзы заманда-ақ сандарда бір құдірет тұнып тұрғанын адамдар білген. Әсіресе, шумерлер нумерологияға ерекше мән берген. Сандарды сөйлеткен.
«Ұлт пен ұят» - ...Бұл 1999 жыл еді. Алматыда «Қайрат» пен «Спартак» (Мәскеу) жолдастық кездесу өткізді. Орталық стадионға адам көп жиналды. Матч алдында Маша Распутина төрт-бес ән айтып берді.
«Әкіміне қарап, ахуалын таны» - «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі облыс және республикалық бағыныстағы қала әкімдерінің рейтингін анықтады. 2014 жылғы жұмыс көрсеткіштері бойынша Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 16,16 балмен көш бастады.
ABAI.KZ «Қазақстанға АЭС керек пе?» - Қоршаған ортаны тазалаудың орнына тағы да сол баяғы Семей полигонындай АЭС-ты Балқаш пен Курчатовтың ортасына құрғысы келетінін 16 қаңтар күні Парламент қабырғасында депутаттарға Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев ұсынысын айтты. Бірақ депутаттардың жаңбырдай жауған сұрақтардың астына қалды. Әсіресе, депутат Айткүл Самақова «Бүкіл әлем бас тартып жатқан АЭС-тың Қазақстанға керегі не? Және қалдықтарын қайда жібермексіз?».
«Фамилиясы жоқ ұлы қазақ» - Батыр атамыз Оны «Момышев»-деп атап шақырғанда «Момышев дегенді танымаймын. Ал мен Момышұлымын»-деп жоғары атақ, орден-медаль, сый-сияпаттарды да алмай кеткен кездері болған деседі.