ALASHAINASY.KZ «"Көшпенділерде" кеткен қателікті қайталамауымыз тиіс» - Елбасының тапсырысы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап түсірілетін көпсериялы фильмге қатысты «Айқын» басылымына білдірген көзқарасында танымал актер Тұңғышбай Жаманқұов «тегін жұмыс істеуге әзірмін» десе, режиссерлер тобы «кең далада салтанат құрған Қазақ елінің әлеуетін көрсете алмай, жұпыны киім-кешек, тек киіз-үймен шектеліп, ел алдында тағы ұятқа қалып қалмайық» деп алаңдаушылық білдіріпті.
«Бас банкир мұнай бағасынан қорықса да, теңге дәлізін өзгертпеймін деп қайсарлық танытады» - Бүгінде теңге төңірегінде әңгіме көп. Ресейдің құнсызданған рублінен кейін шындығында қазақтың төл теңгесі біраз қиындықты бастан кешіріп отырғаны белгілі.
«Теңге бағамын қашанға дейін қалыпты ұстап тұра аламыз?» - Ресейдің рубльі күннен күнге құнын жоғалтып отыр. Қазақстан нарығында кешелі бері бір рубльдің құны 2,82 теңге болып қалды.
«Рубльге сұраныстың артуы-алыпсатарлықтан» - Ресей орталық банкінің жылдық негізгі жарнасын 9,5 пайыздан 10,5 пайызға дейін көтеруі ұлттық валюта құнының күрт төмендеуіне алып келгені мәлім.
«Көлік арзандағанына наразылар да бар» - Рубль құнсызданып, ЕАЭО келісімі іске қосылғалы Қазақстанда автокөлік арзандай бастады. Бірақ Ресейден көлік әкелуге жүрексінетіндер әлі көп.
«Екі министрлік айқасса, ортасында халық зардап шегеді...» - Өткен жылдың соңында рубльдің құнсызданғанын пайдаланып қалғысы келген отандастарымыз жапатармағай Ресейден көлік әкеле бастады.
ABAI.KZ «Мемқызмет: екі елі ауызға төрт елі қақпақ» - «Ел арасында жүрген сыпсың сөздің бәрін мемлекеттік қызметкерлер таратады. Жағымсыз өсекті де айтатын солар. Мен мұны жақсы білемін! Мемлекет ақысын төлеген компьютерден ғаламторға кіріп алып, ойына келгендерін оттайды! Осындай өсекшілерді ұстап, жазалап, жұмыстан қуу керек!».
«Жаңа-сын қатерлерді ресеймен бірге кешіп өту мүмкін бе?» - Дағдарыс 2007-2009 жылдар аралығында бір жақты тиянақ тапқандай болған. Сөйтсек тиянақ таппапты, керісінше бүгінгі дағдарыстың бүлік басы сол дағдарыстан басталып жатқанға ұқсайды.
«Кіші школьник неге күрт қимылдады?» - ҚР Энергетика министрі Владимир Школьниктің ұлы Игорь Школьник Ресей Федерациясы аумағындағы активтерінен құтылуды көздейтін сыңайлы.
NAMYS.KZ «Голощекин пен Машкевич туыс екен» - Бүгінгі тарихшылар 1931-32 жылғы аштықтың авторы, яғни қазақтарды қырып тастаған адам – Шая Голощекин дейді.
RAS.KZ «Пермяковтың әкесі сектаның пастыры болып шықты» - «Аветисяндар отбасын аяусыз өлтірген 102-ші Ресей әскери базасының әскери қызметкері Валерий Пермяковтың әкесі – «Вера, Надежда, Любовь» атты хариматикалық сектаның рухани пастыры», – делінген хабарламада.
JAQSY.KZ «Орыс әскеріне легион неге керек?» - Ресей президенті 18 бен 30 жас аралығындағы шетелдіктердің орыс армиясында келісім-шарт бойынша қызмет етуіне рұқсат еткен заңға қол қойды. "