Атырау, 27 қараша 05:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түнгі тықыр. Бұл кім-ей?

3 074 просмотра

Облыс орталығында бірнеше рет пәтерлерге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. 

ІІД баспаөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 20 жастардағы жас жігіт түнделетіп бірінші қабаттардағы пәтерлердің ашық тұрған желкөздерінен кіріп, іздеп тапқан  барлық құнды заттарды алып кетіп отырған. Ұрының қолына ұялы телефондар, ноутбуктер, зергерлік әшекейлер түскен. Бір айта кететіні, осы уақытқа дейін пәтер қожайындары алаңсыз ұйықтап, ұрының үйде жүргенін естімеген де! Күдіктіге төрт ұрлық оқиғасы бойынша айып тағылып отыр.

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.