Атырау, 19 желтоқсан 13:57
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Банктер шағын бизнеске қаржы беруге беттемей тұр». «”Мұнай соғысына” қашан нүкте қойылады?». «ЕАЭО-ға сенбейтіндердің күдігі сейілген жоқ». «Әлем:экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласып барады». «Әлемді экстремизм елесі кезіп жүр».

2 197 просмотра

ALASHAINASY.KZ     «Қазақтың тойы порнография алаңы емес....» - Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі қолданушылары тойдағы порнографияны көріп алып қызу талқылауда.

«Банктер шағын бизнеске қаржы беруге беттемей тұр» - Банктер ел экономикасын қаржыландыруды 10 пайызға ұлғайтты. Екінші деңгейлі банктердің бетін экономикаға бұра алмай жүргенімізде, бұл шынында да, жағымды жаңалық болып тұр.

«Швейцариялық шектеуді қазақ қалталылары қалай қабылдайды?» - Өткен жылдың аяғында әлемдегі ең бай Швейцария ең жоғары еңбекақы мен бонустардың шегін белгілеуді референдумға шығарды. Швейцариялықтардың «Арам олжа мен еңбексіз пайда табуға қарсылық» деген тақырыпты қоғамдық талқыға шығаруы шынында да, таңғаларлық.

«”Мұнай соғысына” қашан нүкте қойылады?» - Жаңа жылдан кейін мұнай бағасына байланысты «ойын» тіпті үдей түсті. Көп ұзамай бұл тартыста «құрбандыққа» шалынған мемлекеттердің де аты белгілі болып қалмақ. Өйткені мұнай – саясат, мұнай – экономиканы қозғаушы тегершік.

«Мұнай бағасының әрі қарай құлдырауы ел бюджетінің түзетіміне әкеліп соғады» - Мұнайдың төмен бағаларының әрі қарай сақталуы ел бюджетінің түзетіміне әкеліп соғады, деп санайды мұнай-газ секторының талдаушысы Сергей Смирнов.

«Қазақ неге қырылды?..» - Өткен жүз жылдық, яғни ХХ ғасыр күллі адамзат баласының тарихында ерекше орын алатын ғасыр болып сақталып қалады. Осы ғасырдың жағымды-жағымсыз жақтары орасан зор болды.

AZATTYQ. ORG     «ЕАЭО-ға сенбейтіндердің күдігі сейілген жоқ» - Беларусь, Қазақстан, Ресей және Армения енген Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шарт іске қосылды. Батыс сарапшылары «Совет одағы сияқты бірлестікке ұқсайтын сауда одағының болашағы жоқ» дейді.

«Telenor Каримоваға пара бермегенін айтты» - Норвег телекоммуникация компаниясы Telenor басшылары «компания ішіндегі жемқорлық дерегін таппадық» деп мәлімдеді. Екі күн өткенде «Өзбекстан байланыс операторына иелік еткен норвегтер миллиондаған доллар пара жөнінде білуге тиіс» деген аноним дерек пайда болған.

«ИМ атқан “тыңшының” екіншісі де Қазақстанда тұрған» - «Ислам мемлекеті» (ИМ) «ФСБ тыңшысы» ретінде атқан қос азаматтың екіншісі Сергей Ашимовтің Қарағандыда тұрғаны расталды. Екеудің бірі Жанболат Мамаевтың Жамбылдан екені бұған дейін анықталған.

«”Сарбаз жауыздығы” Ресей мен Армения арасын ушықтырды» - Арменияда наразылар «бір үйдің алты адамын өлтірген» ресейлік солдатты армян сотына тапсыруды талап етіп жатыр. Оқиғаның Ереван мен Мәскеу қарым-қатынасына сынақ болатын түрі бар.

ABAI.KZ    «Әлем:экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласып барады» - Дағдарыс салдарынан әлем елдері екі тарапқа /Bipolar Word/ бөлінетін түрі байқалады. Әртүрлі интеграциялар ауаны пайда болуда.

«Әлемді экстремизм елесі кезіп жүр» - Айтары жоқ, биылғы жаңа жыл дүниені дүр сілкіндірген «Париж лаңкестігімен» басталды. Журналистер мен полиция қызметкерлері, қала берді қарапайым адамдар қаза болды.

ULT.KZ    «Шахидтік дегенді мәнін түсінбесек те "модаға" айналдырдық...» - Белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай өзінің " Facebook" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы жастарға үндеу тастады.

AIKYN.KZ   «Экономикалық саясатқа айқындық қажет» - Банктер ел экономикасын қаржыландыруды 10 пайызға ұлғайтты. Екінші деңгейлі банктердің бетін экономикаға бұра алмай жүргенімізде, бұл шынында да, жағымды жаңалық болып тұр.

19 қаңтар 2015, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.