AZATTYQ. ORG «”Таблиғи Жамағат” ісі бойынша бес адам сотталды» - Сотталушылардың біреуі – 1 жыл 6 ай, қалған төртеуі 1 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың көбі діни экстремизмге қатысы барын мойындамады.
«Калачидегі “ұйқы дерті” себебін ыс тигенге жори бастады» - Калачиде тағы екі адам "ұйқы дерті" белгілерімен ауруханаға түсті. Арасында аудандық мәслихат депутаты да бар. Ұлттық ядролық орталық мамандары жұмбақ құбылыстың себебін пеш түтінінен іздейді.
ALASHAINASY.KZ «Еуропалық одақ Қызыл Кремльдің үгіт-насихатымен күреспекші» - Еуропалық одақ комиссиясы адамдарды адастырушы орыс насихатына қарсы жоспар құруы керек. Литваның, Ұлыбританияның, Данияның және Эстонияның сыртқы істер министрлері осы негізде үндеу жариялап отыр деп хабарлайды Delfi.lt.
«Әлемдік экономика кедергілерден өте ала ма?» - 2015 жыл адамзат қоғамының табалдырығынан аттады. Бұл экономикалық кезеңнен не күтуге болады? Кейбір сарапшылар 2014 жыл 2015 жылдың болмыс-бітімін айқындап берді деп жатыр.
«Арзан рубльді сатып алу толастар емес, бұған қарсы амалымыз бар ма?» - Ресей рубльінің құны түскен сайын, оған деген сұраныс еселеп артып отыр. Ресей қазір Қытайдың, Қазақстанның, Беларусь елінің шопинг жасайтын ең сүйікті еліне айналған.
«Жарты әлемді жаулаған Алтын Орда өз заманындағы ең озық мемлекет болатын» - Ортағасырлық әлем тарихында Алтын Орда мемлекеті орасан зор күш-қуатқа ие алып империя ретінде суреттелгенімен, әу баста бұл иелік тек Шыңғыс хан құрған қағанаттың метрополиясы – Жошы ұлысы болып құрылды.
AIKYN.KZ «”Мұнай соғысына” қашан нүкте қойылады?» - Жаңа жылдан кейін мұнай бағасына байланысты «ойын» тіпті үдей түсті. Көп ұзамай бұл тартыста «құрбандыққа» шалынған мемлекеттердің де аты белгілі болып қалмақ. Өйткені мұнай – саясат, мұнай – экономиканы қозғаушы тегершік.
«Телеарналар талапты неге сақтамай отыр?» - Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен жиында телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері қозғалды.
«Әлем тарихында Қазақстанға орын бар ма?» - Сыртқы істер министрлігінің араласуымен Білім және ғылым министрлігі қазақ тарихын академиялық сағат ретінде оқыту туралы санаулы елдермен ғана келісімге келе алды. Бірақ олардың қатары әзірге екі-үш елмен ғана шектеліп тұр.
QASYM.KZ «Әлемді мойындатқан қазақ философы неге жоқ?» - Тәуелсіздік қазақ ұлты алдына: «Ұлтымыздың интеллектуалды өрісінің шоқтығы қандай?», «Қазақтың даналық ойын қалай дамытамыз?» «Ол үшін не істеу керек?», «Әлемдік философия иірімдеріне басыбүтін сіңіп кетпей, қазақы дүниетанымның ерекшеліктерін сақтай отырып, өзге мәдениеттермен тең дәрежеде диалог құруға қалай қол жеткіземіз?» деген жаһандану заманы тудырған жаһандық мағынадағы сұрақтарды қойды.