ALASHAINASY.KZ «Жол қозғалысы туралы заңға Парламенттің еш кінәсі жоқ, мәселе полицейдің өздерінде» - Қоғамдағы секілді депутаттар арасында да жол қозғалысы туралы заңның соңғы жаңалықтары қызу талқылануда.
«Әлемде 500 мыңға жуық жасөспірім қару асынып жүр» - ЮНИСЕФ-тің 2014 жылды қорытындылаған баяндамасында «2014 жыл – әлем бойынша балалар үшін тарихта тұңғыш рет ең ауыр жыл атанды» делінген.
«Депутаттар жол қозғалысы туралы жаңа заңның нормасын бір жылға кейін шегеруді ұсынады» - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Меруерт Қазбекова Үкімет басшысының атына сауал жолдап, онда қоғамда үлкен дау тудырған жол қозғалысы туралы жаңа заң нормасын бір жылға дейін шегеру туралы мәселе көтерді.
«Мәжілісмен Мурадов: “Мұхаммед (с.ғ.с.) карикатурасының астарында саяси технология көрініс береді”» - «Исламның базалық қағидаттарына келсек, онда қақтығыстарды болдырмаудың көптеген тетіктері баршылық.
«Елімізде бағаларды теңгемен жүргізу үшін кем дегенде 3 жыл уақыт керек» - Елімізде жылжымалы және жылжымайтын мүлік бағасы әлі де доллармен есептеліп жатыр.
«Мұнайдың арзандауы біреуге зиян болғанмен, біреуге пайда...» - Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы басқаруға келмей, күннен-күнге құнын жоғалтып барады. Кеше мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке дейін құлдырап қара алтынның бір баррельі 45 долларды маңайлады.
«Мұнай қашан қымбаттайды?» - Бұл күндері әлем назары мұнай бағасына ауған. Оның жөні бар. «Қара алтын» деп жүрген энергия көзі өткен күзден бастап арзандап-арзандап, ақыр аяғында кешегі фъючерстік сатылымда баррелі 47 доллардан арзанға әзер өтті.
«Қай валюта сенімді?» - Өткен жыл валюта нарығында талайлар опық жеген, талайлар майшелпекке кенелген бір аумалы-төкпелі кезең болды. 2015 жыл табалдырықтан аттағалы болған форекстік саудада валюталар бағамының құбылмалы күйі одан әрі жалғасты.
«Теңге девальвациясы тағы қайталана ма?» - Ресейдің экономикалық ахуалы күн сайын ауырлап барады. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы да шегіне жете төмендеді. Сарапшылар болашақта қаржылық ахуалдың қиындай түсетінін қайта-қайта қаузауда.
AZATTYQ. ORG «ИМ өлтірген Мамаев Қазақстанда тұрған» - Ультра-радикалдық «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымы «ФСБ тыңшысы» ретінде атқан екі адамның бірі Жанболат Мамаевтың расымен Меркеде тұрғанын ауылдастары растады.
«Надежда Савченко Ресей түрмесінде өлуге даяр» - Ресейде тергеу изоляторында бір айдан бері аштық жариялап жатқан Украинаның әскери ұшқышы Надежда Савченко «босатпаса, өлімге дайын» екенін мәлімдеді.
«Қадыровтың “отбасылық әдісі”» - Шешенстан терроршылардың туыстарын да қуғындау тәжірибесін заңдастырғысы келеді.
«Сирияда соғысып келген қырғыздар» - Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оштағы тергеу изоляторына қамалған адамдар «Сирияда әскери дайындықтан өтіп, соғысқа қатысып келгендерін» айтады.
«Владимир Козловты аттестациядан “өткізбеді”» - Түрменің тігін колледжі берген жағымды мінездемеге қарамастан, оппозициялық саясаткер Владимир Козлов аттестациядан өтпей қалды. Енді ол түрмедегі жеңілдетілген режимге ауыса алмайды.
ABAI.KZ «Дағдарыс кезінде дандайсығаны қалай?» - Қазақ миллиардері 50 миллион еуроға чех футбол клубын сатып алмақшы екен.
JAQSY.KZ «"Мен Чарли емеспін"..» - Стоп! Қандай ой еркіндігі, қандай сөз бостандығы? Ау, әлемдік құжаттың барлығында адамзат үшін қастерлі дүниелерді келемеждеуге тиым салынған емес пе? Мәселен, сол Францияда сіз армян геноциді мен Холокостты өтірік деп айтыңызшы, бірден соттайды. Себебі, сен әлгі оқиғаларды жалған деуің арқылы сан ғасырлық қайғы-қасірет көрген еврей жұртына, армян ұлтына қастандық жасаған болып саналасың.