Атырау, 19 желтоқсан 13:44
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Әл-Каидаға қатысы бар лаңкестер Қазақстанда неғып жүр?». «Мұнай бағасы қашан тұрақталатыны белгісіз». «Арзан рубльді жаппай сатып алу жарға жығатынын неге түсінбейміз?». «Франциядағы ендігі өмір қалай өзгереді?». «Компартия: “Қарттар ғана қалдық”».

2 070 просмотра

ALASHAINASY.KZ   «Әл-Каидаға қатысы бар лаңкестер Қазақстанда неғып жүр?» -Гуантанамо – АҚШ үкіметінің сотымен айыпталған қылмыскерлерлер оқшауланған түрме. Мұнда жазасын өтеп жатқандар негізінен террористер.

«Мұнай бағасы қашан тұрақталатыны белгісіз» - Былтыр қарашадан бастап күтпеген жерден күрт құнсыздана бастаған «қара алтын» бағасы қашан тұрақтанады?

«Арзан рубльді жаппай сатып алу жарға жығатынын неге түсінбейміз?» - Қазір елімізде бір рубль 2,92 теңге болып тұр. Рубльдің Қазақстанда бұлайша арзандауы бұрын-соңды болмаған көрініс.

«Жас ұрпақ өзбектенбесін десек...» - Бүгінгі әлемдегі «алқакөл сұлама» заманда жан-жақта шашыраған қазақтың басын рухани тұрғыда қосу мәселесі өте өзекті.

«Есенғали РАУШАНОВ: Айтыс қазақ поэзиясының деңгейiн түсiрiп жiбердi» - Күндердiң күнiнде бiз мұны ашық айтатын боламыз...

«Қазақстан төлқұжатының әлемдік ықпалы қандай?» - HuffingtonPost басылымы әлемнің 200 мемлекетінің төлқұжаттарын "ықпалдылығы" жөнінен салыстырып, өзіндік рейтинг құрастырды.

TENGRINEWS.KZ.     «Мақпал Жүнісова: Банктегі есепшотымда көк тиын да жоқ» - Әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке есепшоттарға қаражат сақтамайды.

QASYM.KZ   «Ақпараттық қауіпсіздік, кибер соғыс және бақ жауынгерлері» - Қауіпсіздік мәселесін сөз еткенде біз ең алдымен «соғыс» деген ұғымды көз алдымызға елестетеміз.

AZATTYQ. ORG       «Франциядағы ендігі өмір қалай өзгереді?» - Франция Charlie Hebdo журналына шабуылдан ары үш күнге ұласқан, 17 адам қаза тапқан қантөгістен есін зорға жиып келеді. CEVIPOF саяси зерттеулер орталығы маманы Сильвен Бруар елдегі ендігі өмірдің қалай өзгеретінін болжайды.

«Белсенділер судьяларды сайлау қажеттігін айтады» - Қазақстанда жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері күшіне енді. Бірақ белсенділер сот тәуелсіз болмай, құқықтық әділет орнамайды дейді.

«Бұрынғы БТА басшысының құпия экстрадициясы» - БТА банк ісі бойынша Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеткізілген Вероника Ефимова жайлы бас прокуратураның жауабында тұтқынның медициналық тексеруден өткені айтылған.

«Компартия: “Қарттар ғана қалдық”» - Коммунистік партия мүшелері ұйым жұмысы үш айға тоқтатылғанын жарты айдан соң ғана естігендерін айтады. Олардың бірі мұны биліктен көреді, бірі партияның өзі кінәлі деп біледі.

13 қаңтар 2015, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.