Атырау, 25 қараша 07:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Париждегі терактіні жасады деп күдіктелушілер АҚШ-тың ықтимал террористер тізімінде болған

2 075 просмотра

Фото: bigmir.netФото: bigmir.netАлматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Француздық Charlie Hebdo сатиралық журналының қызметкерлерін атты деп күдіктеліп жатқан ағайынды Шериф пен Саид Куашилер америкалық үкіметтің террористер туралы мәліметтер базасында (TIDE) болған. Ол туралы ТАСС NBC телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, күдіктілердің АҚШ-қа немесе одан кері ұшатын ұшақтарға отыруға тыйым салынған тұлғалар тзіміне қосылғаны да хабарланады. Бұл тұста олардың қашан және қандай себеппен бұл тізімдерге қосылғаны туралы ақпар жоқ.

TIDE мәліметтер базасында америкалық биліктің тарапынан террорлық қызметке қатысы бар деп күдіктелген миллионнан астам адамның жеке ақпараты бар. Ұшақтарға отыруға тыйым салынған тұлғалар тізіміне 47-ге жуық адам енгізілген.

Еске сала кетейік, Charlie Hebdo-ға қарулы шабуыл Парижде 7 қаңтар күні таңертең жасалды. Атыс нәтижесінде 12 адам қаза тапты, соның ішінде басылымның 10 қызметкері мен екі полицей. Тағы 11 адам жарақат алды. Қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалап үлгерді. Бұл құрбандар саны бойынша Франциядағы соңғы жарты ғасырдағы ірі теракті болды.

Басты күдіктілер ағайынды Шериф пен Саид Куашилер болып табылады. Қылмыскерлердің тастап кеткен көліктерінен олардың бірінің пластикалық сәйкестендіргіш картасы табылғаннан кейін полиция оларға іздеу салған болатын. Полиция дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес, ағайынды Куашилердің кенжесі – қазір 32 жасар Шериф әділ сотқа бұрыннан белгілі. 2008 жылы ол «Әл-Қаида» халықаралық террористік желісінің ирактық филиалына исламистерді тартқаны үшін үш жылға абақтыға кесілген. Ол сондай-ақ Францияда өмірлік қамауда отырған және қашуды ж оспарлаған алжирлік экстремистер тобына қатысушы Әли Белькасемге көмек берді деп күдіктелген. 

Дереккөз: ҚазТАГ

9 қаңтар 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.