AZATTYQ. ORG «Биыл Ресейді не күтіп тұр?» - Украина дағдарысы Ресейдің Батыспен қарым-қатынасын нашарлатып жіберді. Бұл теке-тіресте жеңілген жағдайда Ресейдің 2015 жылы зор шығынға ұшырауы мүмкін.
«Глеб Павловский: “Путин есін жиса екен”» - Саясаттанушы Глеб Павловский Ресейдегі 2014 жылғы оқиғаларды «стратегиялық дағдарыс», «басқару қабілетін жоғалту» деп бағалайды. Кезінде Кремль әкімшілігіне қызмет еткен сарапшы енді оның әрекетін сынайды.
«Гуантанамоның бұрынғы 5 тұтқыны Қазақстанға келді» - Американың Кубадағы Гуантанамо базасындағы әскери түрмесінен босаған бес адам Қазақстанға келді.
«Қазақ мемлекеттілігі дау болған жыл» - 2014 жыл Назарбаевтың ел атын өзгерту туралы идеясымен басталып, оның «қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлау» жайлы бастамасымен аяқталды.
«2015 жылдың спорт оқиғалары» - Азаттық биыл әлемде өтетін ірі халықаралық спорт жарыстарының күнтізбесін ұсынады.
«Қазақстанның “жемқорлықпен күресті” күшейткен жылы» - Қазақстан 2014 жылы да жемқорлықпен қарқынды күресетінін мәлімдеп, бірнеше лауазымды шенеунікті жауапқа тартты. Бірақ сарапшылар бұл науқанға күдіктене қарайды.
ALASHAINASY.KZ «ЕАЭО қазақстандықтар өмірін қалай өзгертпек?» - ЕАЭО ресми тұрғыдан саяси шындыққа айналды. Ресей, Беларусь және Армениямен экономикалық интеграцияның қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне қандай әсері болуы мүмкін?
«Қазақ қалай шоқындырылды?» - Қазақ елінің ескі шебінен Қытай және Ресей империяларының шекарасы ресми түрде белгіленіп, картасы сызылып бекітілген соң, 1862 жылдан бастап қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыс¬тандыру саясаты ашық жүре бастады.
«Қазақтілді балалар сайты неге санаулы?» - Ақпараттық технологияның адымдап емес, атпалдап дамыған заманы.«Осы күннің баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады» дейтін болдық.
SERKE.ORG. «Ақылға сыймайтын жол ережесі» - Қазақстанда жаңа жылдан бастап жаңа «Жол жүру ережесі» туралы заң күшіне енеді. Осы заңда ақылға сыймайтын екі ереже бар. Бірі – көліктің шамын күндіз жағып жүру, екіншісі – көлікте 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы жасалған орындыққа таңып тастау. Өйтпеген жағдайда көлік иесіне 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.