Атырау, 27 желтоқсан 08:43
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Орталық иесін өзгертті

2 380 просмотра

15 тамызда халыққа қызмет көрсету орталығының жеке басты куәландыратын құжаттармен тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуді және азаматтарды тіркеуден шығаруды рәсімдеу қызметі (тіркеу-есептен шығару) – Әділет министрлігінен Қазақстан Республикасының ІІМ-нің басқаруына берілді.

- Жергілікті дәрежеде бұл қызметтерді Атырау қаласының көші-қон полициясының бөлімшесі ұсынады, – деп хабарлады телефон арқылы ХҚКО бастығының орынбасары Ербол СЕРГАЗИЕВ. – 15  тамызда Атырау қаласының көші-қон полициясының бөлімшесі Авангард 2 ықшамауданындағы №23 үй бойынша (№3 мектепке қарсы тұрған бұрынғы ХҚКО ғимараты) орналасқан ғимаратқа көшті. Осыған байланысты жоғарыда аталған қызметтерге қол жеткізу үшін азаматтар көрсетілген мекенжай бойынша жолығулары қажет. 

Көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс әдеттегідей жүргізіліп отырғанымен, (ХҚКО ол мекенжайдан бір жылға жетпей кетіп қалып, қайтып келген болатын), халық нөпірі бәрібір толастар емес. Тағы бір қосатыны, халыққа қызмет көрсету орталығы қараған әділет департаментінің ұжымы толық құрамда ІІМ-нің қанаты астына қонды. Менталитеттің ерекшеліктері сондай. Қазіргі ведомство-патрон өзінің ізашарының тәжірибесін есепке алып, жаңа бөлімнің жұмысын ретке келтіреді деп үміттенеміз.

Қызметтердің бағасы мен мерзіміне қожайынның өзгеруі әсер етпейді, деп жауап берді бізге ХҚКО-дағылар. 

Зүлфия БАЙНЕКЕЕВА

18 тамыз 2011, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.