Атырау, 10 желтоқсан 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Танымал адвокаттың автокөлігін өртеп кеткен

2 896 просмотра

Дүйсенбі, 15 тамызға қараған түні Канцев көшесі бойындағы үйдің ауласында тұрған қаладағы танымал адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТЫҢ автокөлігін белгісіз біреулер өртеп  жіберген. Құны 50 мың доллар болатын қара түсті «Инфинити» қайтадан қалпына келмейтіндей жарамсыз болып қалған.  Телефон арқылы болған әңгімеде адвокат оқиғаның мән-жайын айта келе, көлігінің өртену фактісін растады.

- Шамамен таңғы сағат бестерде мені өрттің болғанын хабарлаған көршімнің қоңырауы оятты. Мен терезеден қарағанымда машинаны өрт сөндірушілер сөндіріп жатты. Олар ертерек келгенмен, бәрібір сөндіріп үлгере алмаған. Менің болжамым бойынша автокөлікті жарып жіберуді көздеген. Бензин бак автоматты түрде жабылатын болғандықтан оны бұзуға тырысқан және оны түсіну үшін маман болудың қажеттілігі де жоқ.

- Сіз мұны өзіңіздің кәсіби қызметіңізбен байланысты деп ойлайсыз ба?

– Сөзсіз! Менің жұмыстан тыс жауларым жоқ.

– Қандай да бір болжамдарыңыз бар ма? Бәлкім, бұл оқиғаны нақты бір іске байланысты деп айтуға бола ма?

- Егер мен қандай ма бір нақты іс туралы айтатын болсам, оным дұрыс болмаған болар еді. Соңғы жылдары мен кісі өлімі, зорлау, есірткіге, тонауға қатысты және басқа да істермен айналыстым. Біздің мамандығымызды білесіз, бір жақты қорғай отырып, еріксізден екінші тараптың қарсыласына айналасың. Кейбіреулері оны қалыпты жағдай деп қабылдайды және менің өз жұмысымды ғана атқарып отырғандығымды түсінеді. Алайда, көпшілік жағдайда олай қабылдамайтындар да бар. Адвокатурадағы жұмыс жасаған 10 жылымның ішінде мұндай қатыгездікпен алғаш рет бетпе-бет келіп тұрғаным осы. Бірақ, оны әлдебір іспен байланыстыра алмаймын. Іздестіру жұмыстарымен құқық қорғау органдары айналысады ғой, олардың талдау, жедел шараларды жүргізген жұмыстарының нәтижесі сіздің сауалыңыздың жауабы болады деп ойлаймын. Айтпақшы, менің қорғауға қатысты бас тартқан істерімді де есептен шығаруға болмас.

– Мәселен…

– Соңғы уақыттарда мен бірнеше рет есірткі сатушыларды, бейіттерді қорлағандарды, дәстүрлі емес дін өкілдерін қорғаудан бас тартқан болатынмын. Менің өз ұстанымдарым бар.

– Кім екендігін іштей сезбейсіз де ме?

-Егер шынымды айтсам, өзім тиісті арыз жазып шағымданған қалалық ІІБ бұны жасаған адамдарды табар деген сенімдемін. Сондықтан да мен өз тергеуімді де жүргізбекшімін және мен машинама өрт қойғандарды табатын да сияқтымын. Оның үстіне, бұған қатысты көмек беруге көптеген адамдар ниет білдірді. Бастысы - олардың бұл әрекетке не үшін барғандарын білгім келеді. Егер кімде-кімнің маған қоятын нақты бір талаптары болса, мұндай иттікке барғанша,  адамша келіп, бетіме айтпай ма?

- Тағы да не қоса аласыз? 

– Соңғы екі-үш жылда қалада елуден аса машина жанып кетті, олардың арасында жедел топ қызметкерінің, кеденшінің, автоинспектордың, прокурорлардың, тіпті, комитеттегілердің де көліктері болды. Зардап шеккендер арасында көптеген танымал бизнесмендер де бар. Адвокаттар арасында да мен бірінші емеспін. Оларға мұның керегі не? Мәселен, кеденші криминальды жүкті өткізген жоқ, автоинспектор масаң «крутой» жүргізушіге хаттама толтырды, прокурор прокурорлық жауап актісін шығарды делік. Жедел топ қызметкері өз ісін жасады – орыны түрмеден табылатын біреуді ұстады, бизнесмен ақша талап етушіге төлеуден бас тартты. Олардың барлығы бірдей ресми түрде шағымданған жоқ. Ал, арыз бергендердің ісі сол жабулы күйінде қалды. Неге екені түсініксіз, барлық машина сараптама қорытындысы бойынша «өздігінен жанған» болып шығады. Қалада тапсырыс берушілер мен машинаны өртеуге машықтанған орындаушылар бар және бұл құқық қорғау органдарына белгілі. Мен ҰҚКД бастығына және Атырау облысының прокурорына айтарым, қалада мұндай проблема орын алып отыр және бірқатар оперативтік ақпараттар да бар, сіздерден, өтінем, соларды көтертіп, нұсқау беріңіздер және тиісті құрылымдар бұдан қорытынды шығаруға жұмыстансын.

Лев ГУЗИКОВ

P.S. ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, автокөліктің  өртену фактісі тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

18 тамыз 2011, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.