AZATTYQ. ORG «Келер жылдың болжамы: АҚШ-та күн ашық, Ресейде бұлтты» - Қазір - әлемдегі саяси-экономикалық жағдайдың 2015 жылы қандай болатынын болжайтын сәт. Батыс сарапшылары АҚШ-та экономикалық жағдай жақсарып, Ресей экономикасы тоқырайды дейді.
«”Қырым ісі” құпия қаралып жатыр» - «Қырым ісі» бойынша айыпталған Геннадий Афанасьев жеті жылға сотталды, Олег Сенцов үкімді күтіп, қамауда отыр.
«Бакудегі Азаттық тілшілерін тергеуге күшпен әкетті» - Әзербайжандағы Азаттық бюросының бірнеше қызметкерін полиция ұстап, тергеуге апарды. Екі күн бұрын Азаттық редакциясын осы елдің прокуратурасы тінтіп, кеңсені жауып, есігін мөрлеп кеткен еді.
ALASHAINASY.KZ «Қазақстан 2015 жылы қандай болады?» - Қазақстан әр жылдары ел өмірінің түрлі салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалар қабылдады. Олардың ішінде әдетте республика қол жеткізуі тиіс нәтиже мен оның мерзімдері, орындау жолдары көрсетілген.
«Қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын білесіз бе?» - Биылғы жыл Қой жылы. Қой жылы қазаққа жайлы болатынын жұлдыз жорамалшылдарымыз жіктеп айтып берді.
«Бірінші Алаш республикасы қалай құрылды?» - «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біздің ендігі міндетіміз – осы тәуелсіз мемлекетімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек».
«Еркектердің импотенцияға ұшырауына жалаңаш мода себеп – ғалым» - Қалада өмір сүретін еркектер көшеде күніне жартылай жалаңаш 100-200 әйелге сұқтанып қарап, құмарту сезімін қоздырады. Ал оны дер кезінде қанағаттандырмағандықтан қандағы андрогеннің көлемі көбейе береді. Бұл түбі әртүрлі ауруларға алып келеді. Соның ішінде импотенцияға да.
ABAI.KZ «Жаңа жылда жер дауы бастала ма?» - Айтуынша, бұдан былай қарай, яғни алдағы жылымыздың бірінші қаңтарынан бастап жер салығы бес есеге көтеріледі екен. Ал енді жерді жекеменшігіне сатып алып, ал бірақ ол жерді не игермей, не игеру үшін басқа біреуге бермей, «сән үшін сарғайтып» қойған кейбір «кер жалқауларға» салықты он есеге дейін көтеруге құқық берілген – жергілікті атқарушы билікке.
SERKE.ORG. «Мадридте Әбілязовтың “оң қолы” қамауға алынды» - Кеше Испанияның астанасы Мадрид қаласындағы қонақүйде Мұхтар Әбілязовтың «оң қолы» Мұратбек Кетебаев қамауға алынды.
QAZAQUNI.KZ «Ғалымдар Шыңғысханның ұлтын айқындады» - Украиндық тарихшы Владимир Белинский Шыңғысханның моңғол емес, қазақ екенін мәлімдеді.
ULT.KZ «2015 жылы Ресей соғыс ашуы мүмкін» - Алдағы жылы Ресей Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтатпайды. Бұдан бөлек 2015 жылы Ресей тағы да екі соғыс ашуы мүмкін. Бұл жайында әлем сарапшыларының пікіріне сүйене отырып «Bloomberg» ақпарат агенттігі жазады.
BUSINESSNEWS.KZ «Жыл қорытындылары банкілер үшін көңіл көншітерлік емес, ал келешек – бұлыңғыр» - Жаңа жылдың қарсаңында өтер жылдың қорытындысын шығару дәстүрге айналған. Ал оның қаржылық сектор үшін аса мазмұнды болғанына күмәнданудың керегі жоқ. Бұл көзқараста ҚазТАГ шолушысы жаңа жылда өзінің басты даму бағыттарын анықтауды жалғастыратын қаржы нарығындағы негізгі оқиғаларды көрсетіп беруге тырысты.