AZATTYQ. ORG «Украинада құлаған Малайзия ұшағының жаңа “дерегі”» - Ресей Малайзия жолаушылар лайнерін Украина реактивтік ұшағы атты дейтін «куәгер» тапты. Ал айғақтар лайнерді сепаратистер басып алған аймақтан «Бук» зымыраны атқанын көрсетеді.
«Навальный достарының ісі» - Ресей тергеу комитеті Алексей Навальный маңайындағы адамдардың біріне қарсы іс қозғады.
ALASHAINASY.KZ «Долларды халықаралық мінберден құлату мүмкін бе?» - Кешелі бері елдің Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банкі келер жылдан бастап доллардан арылуға қатысты жобалар жасайтынын мәлімдеді.
«Ресейлік дәрі-дәрмек бизнесіне біз де үлес қосып жүрміз бе?» - Қазір не көп, дәрі-дәрмектің жарнамасы көп. Арнайы жарнамалық сайттар мен басылымдарды айтпағанда, дәрі-дәрмек жарнамасын күнделікті басылым беттерінен де, теледидардан да күніне сан рет көреміз.
«Қазақстан доллардан бас тартады. Бұл нені білдіреді?» - «Бірақ енді алдымызда үлкен бір мүмкіндік туып тұр. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті» дейді қаржыгер-маман Ілияс Исаев.
«Aрзан несие, шаруаны неге шығынға батыруда?» - Бізде ауыл шаруашылығы ісін жандандыру мақсатында несие алып, оны уақтылы төлей алмаған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің пайыздық көрсеткіші 86 пайызға дейін жетіпті.
«Валюта нарығындағы текетірес» - Әлемдегі геосаяси бәсекелестік шиеленіскен сайын үстем валюта доллардың тағдыры да талқыға түсе бастады.
ABAI.KZ «Ұрпақтың білімсіздігіне ҰБТ кінәлі ме?» - Қазіргі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне қарсылық жиілеп, Білім министрлігін оңды-солды төмпештеп, «бала психологиялық күйзеліске ұшырайды», «өздеріне қол жұмсайды» деген байбалам белең алып кетті. Неге бұлай деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
«Қазақтың қазаққа қадірі» - Әрине, жыры бітпес ауызбіршілік әңгімесі! Әрине, қайтсек қазақ деген қабырғалы ел боламыз деген ұлы арман! Әрине, бөліне-бөліне бөріге жем болып келе жатқан қазағымның болашағына алаңдаушылық жайы...
QAZAQUNI.KZ «Оқулықтағы екі ақынның қайсысы “ұры”, министр мырза?» - Екінші сынып оқушысына оқулық авторлары мұны қалай түсіндірмек?
SKIFNEWS. «Неге бұлар медиамагнат болмады?» - Америкалық Forbes журналы жыл сайын әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімін жасайтыны белгілі. Бұл рейтингте кәсіпкерлермен бірге алпауыт медиамагнаттар да көп. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарын шетелдіктер біздегі секілді «саяси қару» ретінде ғана емес, табыстың көзі ретінде де пайдаланады.