ALASHAINASY.KZ «Ресей ”қаржылық соғыспен” ойнап отыр, бұдан не түйеміз?» - Кешелі бері Ресейде рубльдің бағамы сәл-сәл көтеріліп, доллар мен евро біршама арзандап тұр. Қазір Мәскеу қор биржасында бір доллардың құны 54,75 рубль, ал бір евро 68,11 рубль болып тұр.
«Рубльдің құнсыздануы Қазақстан экономикасына өте қауіпті – қаржыгер» - Рубль құнсызданып, соңғы кездері қазақстандықтар Ресейден арзанға мүлік, көлік алып қарық боп жатыр. Мамандар бұл Қазақстан экономикасы үшін өте қауіпті құбылыс дейді. Ресей Қазақстанның ақшасын шаңсорғыш құсап соруын доғару үшін не девальвация жасауы керек, не болмаса кедендік бекетті бекітуі тиіс екен.
«Ресейдің үрейі күшейді» - Ресей мұнай құнының 50 доллардан төмен құлдырауына дайын емес. "Россия 24" арнасына сұхбат берген елдің энергетика министрі Александр Новак осындай мәлімдеме жасады.
«Қазақстандықтар неге аз өмір сүреді?» - Жыл өткен сайын адамзаттың орташа өмір сүру жасының ұзарып келе жатқаны байқалады. Әсіресе дамыған ел тұрғындары бұл жағынан алда.
«Ринат Заитов: “Мен қазіргі айтыссымақ, айтысқа ұқсас шоуға қатысқым келмейді”» - Жақында «Тюрквижн -2014» халықаралық ән додасында Жанар Дұғалова бас жүлде иемденіп барлығымызды қуантты. Жанар Дұғалованың орындауындағы «Ізін көрем» әнінің мәтінін түсінбеген халықтың уәжінен бір сәт көңіліміз түсіп кеткені өтірік емес… Көп сынға ұшырап жатыр. Кейбіреулер әннің мәтіні жеңіл деседі. Әннің авторы ретінде бұл талқылаудан кейін сіз ненің ізін көре алдыңыз? Әлеуметтік желіде сыни пікір білдіріп жатқан адамдарға не айтар едіңіз?
«Қой жылы туған “жұлдыздар” жуас емес...» - Жақындап қалған жаңа жыл – қой жылы. Қазақ халқы үшін қой жылы өте жайлы болып есептеледі. 1991 – қой жылы Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген. Халқымыздың түсінігінде құтты жыл саналатын қой жылы көптеген белгілі адамдар, өнер жұлдыздары дүниеге келген екен.
AZATTYQ. ORG «Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі» - Желтоқсанның 23-і күні Мәскеуде, Еуразия экономикалық жоғарғы кеңесі отырысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы келісімге қол қойды.
«Зорланған езид қыздар өз-өзіне қол салды» - Иракта «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырларына тұтқын болған езид қыздар мен әйелдер зорлық-зомбылықтан құтылу үшін өзіне қол жұмсаған. Бұл жайында Amnesty International жариялаған жаңа есепте айтылды.
«”Советтер жағында” соғысқан ауған қазақтары» - СССР 1979 жылы 24 желтоқсанда «Ауғанстанға шектеулі әскери контингент кіргізуге» шешім қабылдады. Совет Одағы қолдауымен «дұшмандарға» қарсы соғысқан үкімет әскері қатарында жергілікті қазақтар да болған.
ABAI.KZ «2014 жыл : Жұрт назарын аударған журналистер» - Қазақстандық интернет қолданушылар арасында жиі талқыланған тақырыптар тізбесін бір қарап өткесін, төмендегідей пікір айтуға негіз тапқан сияқтымыз. Жалпы, «Қазнетте» болсын, бұқаралық ақпарат құралдарында болсын, қазақ тілді журналистердің үлкен күшке айналғаны биылғы жылы анық сезілді.
«2014: Бақиға озған бағландар» - Жылқы жылы Ұлы Далаға әз Наурызбен сар желіп енгені кеше ғана сияқты болғанымен, әлемнің жұрты күнтізбектің соңғы парақтарына үңіліп отырған кезде үнсіз қала алмайтынымыз анық.
ULT.KZ «2014: Үздіктер» - Жыл аяқталар тұста әр саланың үздіктерін анықтау әдепкі шара. Осы орайда «Саясат» жобасы саясат сахнасының үздіктерін анықтады.