Атырау, 4 қазан 04:19
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Болмаған» ЖКО

2 358 просмотра

Біздің сайтымыздың оқырмандары Атырауда «Лимон» Сауда үйінің маңындағы Привокзальный массивінде орын алған жол-көлік оқиғасы жазылған бейнежазбаны жолдады (бейнежазбаны қараңыз). Жазба өте сапасыз жазылған. Жол-патруль қызметі экипажының қыз баланы қағып кеткендігін топ боп жиналған куәгерлердің сөздерінен ғана аңғаруға болады.

ЖКО тіркелмей қалған. Полицейлер басшылығы болған оқиғаны жоққа шығарып отыр.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасы ЖПҚ ұйымдастыру бөлімінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ:

– Егер ЖКО орын алған болса, оны тіркеуге тиіс еді. Ондай болған жоқ. Қалай дегенмен де, мен бұдан бейхабармын...

Атырау қалалық ЖПҚ бастығы Марат ҚҰБАЕВ:

– Бұл ақпарат дұрыс емес. Ондай болған жоқ.

Бейнежазба қар жауған кезде түсірілген. Гидрометцентр жергілікті филиалының инженер-синоптигі Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ  айтуынша, Атырауда қар 1-2 желтоқсанда жауған.

Облыстық аурухананың травматологиялық және нейротравматологиялық бөлімшелерінің дәрігерлері бейнежазбадағы зардап шегуші қыздың өздеріне түспегенін мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 желтоқсан 2014, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.