AZATTYQ. ORG «”Славян бауырлар” мен Батыс Путиннен қауіптенеді» - Ресей президенті Владимир Путиннің рубль құлдыраған кезде жасаған мәлімдемелері Еуропа елдерін алаңдатты. Сарапшылар ЕАЭО жобасы іске асатынына сенбейді әрі Қазақстанға «сақ болуды» ескертеді.
«Назарбаев бірнеше тілшімен сұқбатта екі ән салды» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті бірнеше журналиспен кездесті. Жексенбіде телеарналардан көрсетілген сұқбатта президент ән салды.
«Қазақстанда доллар тапшылығы байқалды» - Желтоқсанның 20-сы күні әлеуметтік желіде Астанада доллар жоқ екені, жұрттың АҚШ валютасын іздеп сабылғаны жайлы бірді-екілі жазба шықты. Алайда жаппай ажиотаж туралы ақпараттар расталмады. Дегенмен кей аймақта доллар тапшы.
«Ипотека борышкері де “рубль құрбанына” айналды» - Ресей экономикасы тұрақты кезде доллармен ипотекалық несие алған азаматтардың жағдайы күн санап қиындап барады.
«Қазақстан спортындағы 2014 жылғы оқиғалар» - Азаттық қазақстандық спортшылардың әлемдік жарыстардағы биылғы жетістіктері мен сәтсіздіктерін шолып шықты.
«ЕАЭО-ға 13 күн қалғанда айтылған бастама» - Сарапшылардың пікірінше, патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың ЕАЭО нормасын іске қосуды бір жылға шегере тұру туралы ұсынысы – ел үшін тиімді болғанымен, саяси тұрғыдан іске аспайтын бастама.
ALASHAINASY.KZ «Көп ел 1 қаңтарды тойлауға тыйым салды. Ал, біз ше?» - Көп ел, тіпті еуропалық мемлекеттердің кейбірі 1 қаңтарды тойламайды екен. Оның өзіндік себептері бар. Ал біз ше?.. Бізге оның ауадай қажеті бар ма?..
«Несие келісімшартын жасағанда неге назар аудару керек?» - Банктер несиелік келісім-шарттарды қалай құрастырады, оларда не жазылады, олар қайда орналастырылады және ұсақ әріптер бар ма – осы жайлы толығырақ.
«Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан Қазақ Ордасының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі - Керей ханның немере інісі Әз-Жәнібек ханның бел баласы. Анасының есімі – Жаған-бегім Шайбани ханн.
ABAI.KZ «”Зиялылыққа” қабілетсіздік» - Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанғалы үздіксіз реформаларды бастан өткеріп келеді: алғашқы кездегі реформалар социалистік жоспарлы экономикадан капиталистік нарықтық экономикаға өту кезеңі, яғни, «өтпелі кезең» деп аталды.
«Шынайы жиһад – өз нәпсіңді жеңу» - Арабтың «жиһад» сөзі «күрес», «тырысу» деген мағына береді.
SERKE.ORG. «Ресейдің проблемасы – біздің де проблема» - Желтоқсанның 16-сы күні Ресей Орталық банкі Негізгі ставканы (коммерциялық банктерге арналған мөлшерлеме) 17%-ға көтерді. Бірақ рубльдің құлдырауын тоқтату үшін жасалған бұл жандалбаса әрекет кері нәтиже берді.
QAZAQUNI.KZ «Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер:Ең бастысы – ұлттық қауіпсіздікті күшейту керек»- Бұл одақтың болашағына екі түрлі тұрғыдан болжам жасауға болады.
MAIDAN.KZ «Елбасымызды қайтеміз?!.» - Қазақ тәуелсіздік алғалы бері біреуді тыңдап, басқаның тәжірибесіне таң қалып, жаттың қатесін қайталаудан танар емес. Бізге бәрі таңсық болғасын, қазақ топырағына табаны тиген ит пен құс ақыл үйретуге тырысып, көсемси қалады. Әрине, өркениеттің өрісі – өсуімізге жақсы. Бірақ, алтыннан – мысты, күріштен – күрмекті айыратын күнге әлдеқашан жеткен сияқтымыз...
QAMSHY.KZ «Халық пен биліктің “біз” және “олар” болып жіктелуі» - Адамзат тарихының кез-келген кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік жіктелудің (стратификация) негізінде жатқан «біздікі» және «өзгенікі» дейтін әмбебап психологиялық айқындауыштар болып табылады.