Атырау, 5 қазан 14:08
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Донор» еңбегін ескеруді сұрайды

2 081 просмотра

Облыстық мәслихаттың депутаттары табиғат пайдаланушылардың экологиялық жауапкершілігін күшейтуді, ал, айыппұлдарды жергілікті бюджетте қалдыруды ұсынды.

Бұл ұсынысты кеше облыстық мәслихаттың хатшысы Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ Қазақстан парламенті сенатының  спикері Қайрат МӘМИДІҢ қатысуымен болған облыс активінде мәлім етті. Мәмидің сапары 19 тамызда болатын ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы, яғни Сенат сайлауына  байланысты еді.

Қ.Мәми Атырау облысының республика бюджеті үшін донор ретіндегі рөлін атап өтті. Облыс өткен жылда республика бюджетіне 208 млрд. теңге, ал, үстіміздегі жылдың басынан бастап - 195,3 млрд. теңге аударды. Көп бөлігі еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баяндамасында Мәми аймаққа инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуді, бірақ, мемлекеттің стратегиялық мүдделері мен әлеуметтік тұрақтылыққа залал келтірмейтін жағына басым көңіл бөлуді ескертті. Әйтпеген жағдайда «кейбір шетелдік серіктестер» келісім-шарттарды адал орындауды тоқтатты деп атап өтті спикер.

Облыстық мәслихат депутаттарының атынан сөз алған Ж.Дүйсенғалиев одан әрі облыстар үшін бөлініп берілетін барлық экологиялық төлемдерді жинақтауды көздейтін республикалық экологиялық қор құру жөніндегі бүгінгі күні ұсынылған идеяны сынға алды.

- Республикалық бюджеттің (27%) басты донорларының бірі бола тұрып, біздің аймақ ауыр экологиялық жағдайда тұр. Сондықтан да қоршаған ортаны бүлдіргені үшін салынатын айыппұлдарды жергілікті бюджетте қалдыру әділ болған болар еді. Өйткені, ол ақшалар жағдайды түзетуге жұмсалмақшы. 

Ол сондай-ақ, соңғы 5 жылда ірі табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау шараларына жалпы көлемі 260 млрд. теңге қаржы бөлгендігін атап өтті. Алайда, оның бәрі нәтижесіз болды. Дүйсенғалиев экологиялық кодекске түзетулер енгізу керек деген ұсыныс жасады, яғни, табиғат қорғау заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершілікті күшейтуді, тіпті, өндірісті толық тоқтатуға дейін баратын шараларды алу керектігін айтты.

Сенаттағы екі орынға Атырау облысынан үш үміткер сайлауға түспекші: олар сенатор Қайрат ИЩАНОВ,  «Атырау» ӘКК ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сағын ЛҰҚПАНОВ және облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы  Еркін ШПАНОВ. Бұдан бұрын аумақтық сайлау комиссиясы төрт үміткер туралы хабарлаған еді, алайда, «сайлау алды жарыстан» белгісіз себептермен осыған дейін облыстық білім басқармасын басқарып келген Киікбай ЖАУЛИН шығып қалды.

Жиналыстан соң Қ.Мәми қысқаша баспасөз конференциясын өткізді. Конференцияда ол атыраулық депутаттардың экологиялық айыппұлдарды жергілікті бюджетте қалдыру жөніндегі ұсыныстарының «қаралатындығын» айтты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 тамыз 2011, 00:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.