Атырау, 27 желтоқсан 07:45
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сәулет инспекциясынан әкім аппаратына ауысты

2 687 просмотра

Облыстық әкімдікте кезекті кадрлық ауыс-түйістер орын  алды. Атырау облысы әкімі аппараты жетекшісінің  бос тұрған лауазымына Асқар ДОСБАЕВ жайғасты.

Естеріңізге салсақ, оның алдында әкім аппаратын жуырда ғана облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған Асқар Керимов басқарған болатын. Ал А. Досбаев жаңа қызмет орнына келмей тұрғанда Атырау облысының мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасы бастығының лауазымын атқарды.

Облыстық әкімдіктің кадр қызметінен хабарлағандай, Досбаев Асқар Сағызбайұлы 1969 ж. т., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ішкі істер органдарынан бастаған. Атырау облысының кәсіпкерлер Ассоциациясында, еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінде, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында, Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасында, Атырау облыстық жер қатынастары басқармасында, мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасында әртүрлі қызметтерді атқарған.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

18 тамыз 2011, 23:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.