ALASHAINASY.KZ «Мектепте хиджабқа рұқсат жоқ, ал университеттерде исламды теріс оқытып жатыр» - Өткен жолы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдап, онда Қазақстан Президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аударды.
«Донбастағы сәбилер Құдайға хат жаза бастады» - Украинаның шығысындағы саяси қақтығыстарды көзімен көрген шарасыз сәбилер Құдайға хат жазып жатыр, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «Шекарасыз Еуропа» ұйымының ФБ-тегі жеке парақшасына сілтеме жасап. Саяси ұйым келтірген мәліметке сүйенсек, Украинаның шығысындағы қақтығыстар кесіренен 122 623 бала өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған.
AZATTYQ. ORG «Кез келген соғыс қайыршылыққа ұшыратады» - Әлемге әйгілі қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев қазір Францияда тұрады. Азаттыққа берген сұхбатында ол өнер жайлы ойлары мен Украинадағы соғысқа қатысты көзқарасын айтты.
«Генерал ҰҚШҰ-ны жетілдіруге шақырады» - ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжаның Астанаға сапары тұсында генерал Махмұт Телеғұсов Азаттық тілшісіне сұхбат беріп, «ұйымның құқықтық базасы әлсіз, қазіргі проблемалар ескерілмегенін» айтты.
«Спорт пен диктаторлар “одағы”» - Көп адам саясаттан мезі болған кезде назарын спортқа аударады. Бірақ 2014 жылы Олимпиададан «Формула-1» жарысына дейін қымбат стадиондар мен сүйкімсіз саяси режимдер арасында байланыс бар екенін байқатты.
ABAI.KZ «Айтылмай келген сөз» - Мен де егемендігімізбен егіле жылап, еркіндігімізбен еңірей қоштаспайық деген зар тілегін мынау мылқау Жалғанға жариялай жеткізіп, Ресеймен еуроазиялық одаққа мүше болып кірсек, бұрынғы үш жүз жылдық төбемізден тоқпақтатқан отаршылдықтың темір бұғауына қайтадан бодан болып кіреміз-ау деген қорқынышымды кеудемнен сығып шығарып, елбасыға құлаққағыс етіп ашық хат жазып далбасалағанның бірімін.
QAZAQUNI.KZ «Оксфорд пен Кембридж арасындағы бақталастық: қайсысы мықты?» - Ағылшындардың университеттері туралы сөз қозғағанда бүкіл әлемге танымал Оксфорд пен Кембридж туралы сөз айтпау мүмкін емес. Ұлыбританияның негізгі элитасын қалыптастырып отырған осы қос университеттің бір-біріне қатысты тарихы өте қызықты, әрі терең.
NUR.KZ «Отандық депутат 17 қызбен неке қидырған молда туралы мәлімдеді» - Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы молдалардың неке қидыруын тоқтау керектігін ұсынды. Ол қай өңірден, қай ауылдан шыққанына қарамастан "талақ" дегенді алып тастау қажет деп есептейді.
QAMSHY.KZ «Сараптама: 2014 жылғы Ресей. Әлсіз әлін көрсеткісі келеді…» - Менің айтайын дегенім, кейбіріміз секілді Ресейді жамандап, балағаттап, орыстың оңбағандығын есептеу емес. Я болмаса, кейбіреудей ісін ақтап, мақтап, жақтауды да көздемеймін. Мен тек Ресейдің бір жыл ішінде жеткен «жетістігіне» шолу жасағым келді.
«Сириядағы балаларға түк те таңғалғам жоқ» - Енді мені тыңдаңыз. Түк те таңқалғам жоқ. Өздерін де, ұрпағын да ондай жиһадтық духта тәрбиелеп жүрген қазақтарды соңғы 15 жылда ұдайы көріп, кездестіріп келем.
SHYN.KZ «Мұхтар Тайжанның сауда құпиясы» - Ал бұл болса жаман бала жақсы әкенің басын көрге сүйрейдінің керін келтіріп жүр.
NAMYS.KZ «Алаңдағы қазақ қыздарының өр рухы» - Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам.
QASYM.KZ «Күйді күйші ғана ұғынатын болса – трагедия» - «Ақжауын» жиырма жылдың ішінде бірқатар белестерден асып, самғау биіктерге жетті.