Атырау, 28 қараша 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қашаған: жаңа үміт, ескі үрей

2 017 просмотра

Атырауда «Қашаған кен орнын сынақтық-өнеркәсіптік әзірлеу. Кәсіпшілік құбыр желілері. Түзетулер бағадарламасы аясында нысандар құрылысы жобасының» қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

 

ЖАҢА ҚҰБЫРЛАР, ЕСКІ ОРЛАР

Тыңдауды облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВашты, сәл кейін облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ те келді. НКОК-тың басқарушы директоры Стефан де МАЙЕ өзінің алғашқы сөзінде консорциумның жаңа басқару моделіне көшкені туралы айтып өтті. («Солтүстік Каспий жобасында біріккен бір компания болады»).

Құбыр желілерін ауыстыру жобасының техникалық бөлімі туралы Қашаған жобаның басқару директоры Жанкарло РУЙЮ баяндама жасады. Алдымен ол D аралынан «Болашақ» зауытан дейін тартылған құбыр желісінің бұзылуы себептерін зерттеудің алдын ала қорытындылары туралы қысқаша еске айтты. Оның айтуынша, «қысыммен сульфидті жарылу орын алған».

Қашаған жобаның басқару директоры Жанкарло РУЙЮҚашаған жобаның басқару директоры Жанкарло РУЙЮЖаңа құбыр желілері KSS аббревиатуралы татқа шыдамды қорытпа жалатылған темірден жасалады. Диаметрі 28 дюйм болатын екі құбыр желісінің ұзындығы 96 шақырымды құрайды. Руйюдің айтуынша, жаңа құбырлар бұрынғылар жасалған материалдардан жасалады, алайда күкіртті мұнай мен газ сипаттарын есепке ала отырып қолдану талаптарына сәйкес келетін болады. Жаңа материалды таңдау жұмыс кестесінің өте тығыздығына байланысты болып отыр, бұл жұмыстарды 2015 жылдың көктемінде бастап 2016 жылдың екінші жартысында аяқтау (бұл туралы төменде нақтырақ айтамыз) жоспарланған.

Руйю жер үстіндегі құбырлар түгелдей алынып, жаңаларымен ауыстырылатынын хабарлады. Жаңа құбырлар ескі траншеяларға салынады. Теңіз бөлігіндегі ескі құбыр желісінің фрагменттері, Руйюның мәлімдеуінше, әзірге орнында қалады. Ал жаңа құбырлар бітелген ескі құбырдан 120 метр қашықтықта параллель орналасады. Теңіздегі және жер үстіндегі екі құбыр желілеріне де татқа қарсы және бетонды ауырлатқыш жабындылары қарастырылған.

Теңіз бөлігіндегі және оның жағасындағы балшықты жердегі құбыр желісі учаскесінің ұзындығы 65 шақырымды құрайды. Руйюдің айтуынша, дәл сол жерлер маршруттың ең қиын бөліктері болып табылады, өйткені 0-ден 1 метрге дейін су тереңдігі кемелердің жүруіне мүмкіндік бермейді, дәнекерлеу жұмыстары қиындыққа ұшырайды.

- Біз құбырларды жалғастыру үшін дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін өндірістік учаске дайындадық, осы жерде жалғанған құбырларды су арқылы орналастыру орындарына дейін жеткізіп, сол жерге көмеміз. D аралында осылайша жалғанған құбырларды арнайы кеменің көмегімен көтереміз. Құбырлар орналастырылғаннан кейін қысыммен сынақ жүргізіп, суын шығарып, кептіреміз.

 

ОПТИМИСТЕР МЕН СЕКЕМШІЛДЕР

НКОК-тың оршаған ортаны, денсаулықты, еңбек пен тұрақты даму департаментінің директоры Игорь ЛУКАШОВНКОК-тың оршаған ортаны, денсаулықты, еңбек пен тұрақты даму департаментінің директоры Игорь ЛУКАШОВНКОК-тың оршаған ортаны, денсаулықты, еңбек пен тұрақты даму департаментінің директоры Игорь ЛУКАШОВ құбыр желілерін ауыстыру барысында ҚОӘБ бағаларымен таныстырды. Оның таныстыруынен түйгеніміз, жер беті құбырларын тарту бұрынғы дәлізбен жүргізілетін болғандықтан қоршаған ортаға әсері мардымсыз болмақ.

Теңіздегі құрылыс жұмыстары кезінде үлкен әсерлер болуы мүмкін. Мәселен, судың лайлылығы артып, физикалық параметрлері қоршаған ортасына сәйкесінше зардаптар әкеліп, өзгереді. Қалдықтар турасына келсек, Лукашовтың айтуынша, қалдықтар жиналуының «қызыл» (ең зиянды) деңгейге жетуі күтілмейді.

Сонымен қатар, құрғақтағы газ құбырын алғанда қышқыл газдың ауаға шығу мүмкіндігі де аз, сәйкесінше жақын орналасқан Ескене елді мекеніне, сондай-ақ осы аттас кәсіпорын мен темір жол бекетіне де еш зиян жоқ. Орнитофауна мен теңіз сүтқоректілеріне келсек, оларға тиетін экологиялық қатерді компания «орташа» және «төмен» деп бағалайды.

Лукашовтың айтуынша, құбыр желілерін салғанда ғана экологияға аздап зиян тиюі мүмкін, ал қолдану барысында олар «қоршаған ортаның пассивті элементі болмақ және олардан зардап келеді деп күтпейміз». Егер қазіргі тыңдау сол пайдалану кезінде «ағып» кеткендіктен құбыр желілерін ауыстыру қажет болғандықтан шақырылғанын ескерсек, айтқан сөзіне сене қою қиын.

 

«ЖҮЗБЕ» ШЫҒЫН

Кейіннен сұрақ-жауап сессиясында қатысушылардың назарын Каспий теңізі биоттарының тез қалпына келу қабілетіне аударғысы келген НКОК экологтары Лукашовты қайталады.

- Бізде кейде қыз мезгілінде мұз бәрін жайпап өтеді, алайда көктемде бәрі қалпына келеді,- деді НКОК экологы Гүлсім МҰТЫШЕВА.

НКОК осыны негізге алып, 2005 жылы бірінші құбырларды жүргізу кезеңінде Каспий биоресурстарына келтірген шығындарды небары 250 мың долларға бағалаған сияқты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Ерболат ҚАДИМОВТЫҢ айтуынша, компаниямен жасалған ұзақ келіссөздерден кейін бұл сан 5 млн долларға өсірілді. Ол бұл жолы шығынды бағалау сомасы жұмыстардың қайта жасалып жатқанын және басқа да факторларды есепке алып, екі есе үлкен болады деп күтеді. Мұтышева қазір мүмкін болар экологиялық шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Бостан СҮЛЕЙМЕНОВ құбыр желілерін ауыстыру барысында зардап шегуі мүмкін итбалықтар тағдырына алаңдаушылық білдірді. Мұтышеваның айтуынша, жақын жылдары болжам бойынша итбалықтар Каспийдің жағалауына жақын келетін жылы қыс мезгілі болмайды деп күтілуде. Ал қыстың салқын кезінде итбалықтар теңіздің терең жерлерінде жүреді, ал ол жерлерде ешқандай жұмыстар жоспарланбаған.

 

БЮДЖЕТ ПЕ? ӘЗІРГЕ ҚҰПИЯ!

Сұрақ-жауап сессиясында қоғамдастық өкілдері Руйюдің құбырларға арналған жаңа материалдарға деген оптимизмімен келіспеді. Атырау мұнай және газ институтының оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Рафаэль МЕҢДІБАЕВ:

- Тыңдау құжаттарында жаңа құбыр желісі материалдарын таңдаудың химиялық-технологиялық негіздемесі ғана емес, құбыр маркасына да сілтеме жоқ, өндірушінің аты аталмады, татқа төзгіштігі бойынша сынақтан өткен деректерге де сілтеме жоқ. Жаңа құбырдың да «ағып» кетпейтініне кім кепілдік береді?

Руйю тағы да нақты сипаттамалар бермеді. Алайда жаңа құбырлар құрамына никель кіретінін хабарлады:

- Бұл материал құбыр арқылы өтетін флюидтердің (күкіртті мұнай мен газ) техникалық сипаттамалары мен халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Егер біз шыңдалмаған темір таңдаған болсақ, онда бізге тестілеуге уақыт керек болар еді. Ал бұл материалды бірден пайдалануға болады, ол сынақтан өткізілген және мұнай және газ саласында қолданылады.

Оның жауабын Стефан де Майе толықтырды:

- Жарылу құбырдың денесінде орын алды. Қосымша зерделегенде дәнекерленген жерлердің жарылғанын да көрдік. Мұның тағы бір себебі кейбір учаскелердегі темірдің аса қаттылығы болып табылады. Құбыр желілерінің істен шығу себептерін зерттеудің ақырғы нәтижелері 2015 жылдың басында белгілі болады. Біз қорытынды жасадық, құбыр дайындау тендері барысында өткен жылы тапсырыс берілгендерден басқа компанияларды таңдадық.

Ол сондай-ақ, келісімге сәйкес, құбыр желілерін ауыстыру бойынша қазақстандық тарап қаржы бөлмейді. Осы шығыны көп кампанияның нақты бюджетін де Майе атаған жоқ:

- Барлық тендерлік рәсімдер мен бас мердігерді анықтағау аяқталғанға дейін түрлі келеңсіздіктер тудырмас үшін сандарды жарияламаймын. Әңгіме бірнеше миллиардтаған доллар туралы екенін ғана айта аламын. Қазақстандық тараптан бақылауды «PSA» ЖШС (Солтүстік Каспий жобасындағы ҚР-дің 16,8%  үлесін басқарушы) пен Қазақстан энергетика министрлігі жүргізеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 желтоқсан 2014, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.