Атырау, 2 мамыр 12:53
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Солтүстік-Каспий жобасында біріккен бір компания болады

1 970 просмотра

НКОК консорциумының басқарушы директоры Стефан де МАЙЕ НКОК консорциумының басқарушы директоры Стефан де МАЙЕ 9 желтоқсанда өткен қоғамдық тыңдауда НКОК консорциумының басқарушы директоры Стефан де МАЙЕ Консорциумның жаңа басқару жүйесіне өткендігі туралы ресми мәлімдеме жасады.

Осы тыңдауда «Қашаған кенішінің Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы аясында нысандарды салу. Кәсіпшілік құбыр желісі. Түзету» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) талқыланды.

С. де Майе биыл СКӨБК (Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлінісі туралы келісім) шеңберінде компанияны ықпалдастыру және біріктіру процесі басталғанын хабарлады:

Бұл процесс құбырларды ауыстыру, мұнай өндіруді жалғастыруға әзірлік, 1-кезеңнің қалған көлемдерін аяқтау жұмыстарының барысына әсерін тигізбейді.

С. де Майенің айтуынша, көшу процесінің шеңберінде мына жұмыстар орындалған: Аджип ҚКО Н.В. акциялары СКӨБК шеңберінде әрекет етуші оператор болып табылатын НСОС Б.В. компаниясына берілді. «Аджип ККО Н.В.» компаниясы «НКОК Н.В.» деп қайта аталып, оған «НКПОК Б.В.» акциялары берілді. Осылайша, енді НКОК Н.В., НКПОК және НКОК Б.В. компаниялары бірыңғай біріккен компанияға біртіндеп қосылу үшін қажетті корпоративтік басқаруды жеңілдететін бір меншік құрылымына ие.

Осы үш компанияның заңды қосылуы 2015 жылға белгіленген.

Ол сондай-ақ, аталмыш өзгерістерге сәйкес қазіргі уақытта барлық үш компанияның басқарушы директоры болып табылатындығын мәлім етті:

Сонымен қатар, біріккен компанияның басқарушы директоры болатындығым жоспарланып отыр.

Осыдан кейін ол болашақ біріккен компанияның екі департаментінің тағайындалып қойған басшыларын таныстырды.  Балтабай ҚУАНЫШЕВ сыртқы байланыс пен рұқсат алу қызметін қосқанда, корпоративті қызметтер департаментіне басшылық ететін болса, Игорь ЛУКАШОВ қоршаған ортаны, денсаулықты, еңбекті қорғау және тұрақты даму департаментінің директоры болып тағайындалған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

10 желтоқсан 2014, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.