ALASHAINASY.KZ «ҚР жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны белгілі болды» - Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевқа сілтеме жасап.
ABAI.KZ «”Қызыл” дипломмен... күзетке!» - Қазіргі күні жерден алып, жерге саламыз ғой. Совет заманын айтамын да. Ол тұста қалай десек те жастар мәселесі оң шешімін тауып жататын.
AZATTYQ. ORG «Миллиардер Усманов жайлы біз білмейтін бес дерек» - Ресей миллиардері Әлішер Усманов америкалық ғалымның Нобель сыйлығы медалін бірнеше миллион долларға сатып алып, артынша оны қайратып берді. Усмановтың біз білмейтін қырлары көп.
«Ішкі әскерді Ұлттық гвардия етіп қайта құру аяқталып қалды» - Қазақстан парламенті ішкі әскердің орнына құрылған Ұлттық гвардия туралы заң жобасын қарап жатыр. Кейбір БАҚ-тар Жаңаөзен оқиғасының үш жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысына Ұлттық гвардияның арнайы бөлімшелері барып жатқанын хабарлады.
«Құқығын талап етпейтін қоғамға ешкім көмектесе алмайды» - Сарапшылар Қазақстандағы адам құқығының жағдайы 2014 жылы да бұрынғы нашар күйінен өзгермегенін айтады.
SERKE.ORG. «Путин Петросаясаттың бірінші заңын бұзып отыр» - Әлемдегі мұнай бағасының құлдырауы қандай салдарға әкелуі мүмкін деген сұрақтың жауабын табу үшін АҚШ-тың Bloomberg агенттігінің Bloomberg View басылымының беттерінде осындай тақырыпта мақала жарияланған.
«Мұхтар Шаханов өзіне өзі қастандық жасамақшы болды ма?» - Өткен аптада кейбір баспасөзде жарияланған «Ақын Мұхтар Шахановқа қастандық ұйымдастырылмақшы» деген ақпарат бекер болып шықты.