Атырау, 19 желтоқсан 14:18
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Сирия мен Ирактағы жағдай Қазақстанға идеологиялық тұрғыда әсер етуде». «Ресей мен Батыстың “санкция соғысы” және Қазақстан». «Білім министрлігі ғылыми атақтарды саудалауға неліктен жол береді?». «Қазақтар Ресейден көлікті қалай тасып жатыр?».

3 561 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Балалар үйінің есігіне салынған қара құлып мәселенің шешімін табуға көмектесе ме?» - Жетімін жылатпаған қазақ халқының бүгінгі жәудір көздері балалар үйінен ғана пана табуда. Бала үшін өзінің туған үйінен ешбір жер артық бола алмайды. Сол үшін еліміздегі балалар үйлерінің барлығын жабу керек. Мұндай ұсынысты депутат Тұрсынбек Өмірзақов Мәжілістің отырысында айтқан болатын.

«Қырғыздар «-овқа» оралып жатыр» - Ондаған мың қырғыз күнкөріс қамы үшін фамилияларын өзгертіп, соңына бұрынғыша «-овты» жалғай бастаған. Айтуларынша, бұл олардың Ресейге барып жұмыс істеуін жеңілдетеді.

"«Жиһадшылар» туралы зерттеу стереотиптерді бұзды" - Болгариялық профессор Татяна Дронзина «Сириядағы соғысқа діни үгітшілер ықпалына түскен қазақстандықтар аттанады» дейді. Содырларға қосылуға итермелейтін факторларды зерттеу нәтижелерімен әуелі Азаттық танысты.

ABAI.KZ. «Боксит бітсе, арқалық бордай тоза ма?..» - Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Раудың  өткен аптада ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттарының  кеңейтілген  отырысына  қатысқаны баршаға мәлім. Осы келелі отырыста вице-министр моноқалалардың мәселесін көтерді.

ALASHAINASY.KZ«Қазақтар Ресейден көлікті қалай тасып жатыр?» - Ресейдегі рубль бағамы құлдырағаннан кейін сол жақтан көлік тасып жүрген қазақстандықтардың қатары көбейе түсті. Ол жайында «Алаш айнасы» жазған болатын. Осы жолы біз Ресей Федерациясына барып, көлік сатып алып жүрген азаматпен жолығып, азды кемді әңгімеге тартқан едік. Атын атамауды сұраған азамат өзінің іс-сапары жайында кеңінен айтып берген еді. 

«Сирия мен Ирактағы жағдай Қазақстанға идеологиялық тұрғыда әсер етуде» - Астана қаласында Қазақстан дінтанушыларының VI форумы өтіп жатыр. Бұған еліміздің барлық діни ұйымдарының өкілдері мен Дін істері комитеті басшылары қатысқан болатын.

«Соғыс болып жатқан елдер» - Соғыс жүріп жатқан елдерді қызыл бояумен белгілеп қойса, ғаламшар картасы кәдімгідей қып-қызыл «қанға» боялатыны анық. Мұндай қара тізімге, өкінішке қарай, әлемнің бірнеше елі еніп отыр.

«Үшемдерге үй беру үкіметке шығын» - Комитеттің кеңейтілген отырысында қызу талқыға түскен «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерді екінші оқылымда қараған сенат депутаттары Мәжіліске қайтарды. Үкімет өкілдері болса, үшем туған аналарға тегін баспана беру бюджетке шығын әкеледі дейді. Сондықтан Үкімет үшем туған аналар мен батыр аналарды баспанамен қамту құзіретін жергілікті биліктің еншісіне бермек. Яғни бұдан былай бұл мәселені жергілікті билік шамасына қарай шешетін болады.

AZATTYQ. ORG    «Ресей мен Батыстың “санкция соғысы” және Қазақстан» - Ресей министрінің «Мәскеуге қарсы Батыс санкцияларына Кеден Одағы шегінде жауап беруге мүмкіндік бар» деген сөзі Қазақстанда түрлі пікір тудырды.

«Өтембаевты босатуға қарсы шағым қанағаттандырылмады» - Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер апелляциясы алқа сотының судьясы Алма Есімова саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның серіктері Бауыржан Байбосын, Виталий Журавлевтің туыстары мен қорғаушыларының сотталушы Ержан Өтембаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қарсы түсірген шағымдарын қанағаттандырмай тастады.

QAZAQUNI.KZ   «Білім министрлігі ғылыми атақтарды саудалауға неліктен жол береді?» - Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы егемен ел ретінде еңсемізді тіктеп, дамудың даңғыл жолына түсу барысында елеулі рөл атқаратындығы сөзсіз. Әйтсе де еліміздегі бүгінгі ғылым саласын үздіксіз даму үстінде деп айту қиынырақ.

«Депутат қазақ жазушыларының әлемдік деңгейде бағаланбағанына қынжылды» - Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл төменгі палатаның жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына сауал жолдады.

10 желтоқсан 2014, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.