AZATTYQ. ORG «Беловежьеден» соң Назарбаев Қазақстан президенті бола салды» - 23 жыл бұрын Совет Одағын таратқан Беловежье келісіміне қол қойылды. Осы оқиға тұсында Қазақстан басшыларының бірі болған Серікболсын Әбділдин бұл шешім ел атын асығыс өзгертуге әсер еткенін айтады.
«Сирия соғысындағы грузиялық шешендер» - Сирияның Кобани қаласындағы соғыста «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы құрамындағы 21 жастағы Грузия азаматы қаза тапқан. Бұл туралы Грузия және Ресей ақпарат құралдары хабарлады.
«Козловтың түрме бастығына қарсылығы прецедент болды» - Владимир Козловтың жақтастары мен құқық қорғаушылар «қамаудағы оппозиционер нәтижесі алдын ала болжанған сотта түрме бастығына қарсы шығып, бірнеше өнеге көрсетті» дейді.
AIKYN.KZ «Қазақ зиялылары кiмге тәуелдi?» - Кейінгі ұрпақ алдыңғы буынның қателігі үшін алдымен сол кезде билік басында отырғандарды емес, ұлттың зиялыларына кінә тағатыны анық.
ABAI.KZ «Кеңесші:ақша жеудің тағы бір тәсілі» - Бүгінгі күні «тас лақтырсаң, кеңесші дегенге барып тиеді». Қазақ еліндегі атағы жер жарған кез-келген компания-фирма атаулының бәрінде де құрығанда бірден-екіден шетелдік кеңесші бар.
«Мағжан мен Смағұл» - Алаш зияларының арасындағы тығыз байланыс, олардың бір-бірін рухани һәм материалдық тұрғыдан демеуі – шынайы тарихи факт болса, осы шындық сәт сайын ашылып жатқанына жаның қуанады.
QAMSHY.KZ «”Желтоқсаншыларды” аяусыз жазалағандар халықтың алдында басын иiп кешiрiм сұрауы керек!» - Қазақстанның отарлануы тарихын оқығанымда қылмыскер басқыншы жүйенiң ұлтымды қалай қорлағанын терең түсiндiм. Осыдан кейiн мемлекеттiк алып машинаның әр нақты кезеңдегi қылмысын әшкерелеп, бет-пердесiн сыпыруға бел шеше кiрiстiм.
ALASHAINASY.KZ «Жұлдыздарымыз неге "байланыс аясынан тыс жүреді?"» - Өнер әлемінде жүрген әншілеріміздің өмірін, шығармашылығын насихаттаушы топ тілшілер жұлдыздар мен бұқара арасында алтын көпір іспеттес. Алайда осыны кейбір жұлдыз ауруына ұшыраған, тым аспандап кеткен әншілеріміз түсінбейтін (түсінгісі де келмейтін) сықылды.
«Қуыршақтар кімге өкпелі?» - Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Театр – тәлім-тәрбие мектебі, театр—рухани азық алар орда.