Атырау, 25 қараша 05:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай бағасы 5 жылда болмаған деңгейге арзандады

1 495 просмотра

Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнай бағасы төрт пайызға дейін төмендеп, желтоқсанның 8-і күні кешкі саудада бір баррелі 63 доллар 3 цент болды. WTI маркалы мұнай бағасы соңғы бес жылда мұндай деңгейге дейін арзандамаған. Лондондағы саудада Brent маркалы мұнай маркасының баррелі 66 доллар 19 центке дейін төмендеді.

Сарапшылар мұнай бағасының құлдырауын Morgan Stanley қаржы корпорациясы жариялаған болжамдармен байланыстырады. Ұйымның болжамынша, 2015 жылы әлемде ұсынылатын мұнай көлемі сұраныстан артып кетіп, Brent маркалы мұнайдың баррелі орта есеппен 70 АҚШ доллары болуы мүмкін. Morgan Stanley ұсыныс көбейе түссе, мұнай бағасы 43 АҚШ долларына дейін төмендеуі мүмкін дейді.

Өткен айдың соңында мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК мұнай өндіру көлемін азайтпау туралы шешім қабылдаған соң мұнай бағасы кәдімгідей арзандаған. Мұнай бағасы бірқатар елдерде, оның ішінде Қытайда экономикалық өсім баяулап, АҚШ-тағы тақтатастан мұнай өндіру көлемі артқан кезде арзандап отыр.

Биыл әлемде мұнай бағасы шілде айынан бері 40 пайызға арзандады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

9 желтоқсан 2014, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.