ALASHAINASY.KZ «Ресей ортақ валюта мәселесін қайтадан неге көтерді?» - Еуразиялық экономикалық одақты құрудың алдында ортақ валюта енгізу мәселесі қызу талқыға түскен еді.
«Билік бір күндік бизнеске бөгет бола ала ма?» - Бүгінде шамасы келгеннің бәрі шағын бизнесін бастауға құмар. Елімізде нарық бәсекесіне төтеп беруді мақсат тұтып, бизнесін бастап жатқан кәсіпкерлер саны күн санап көбейіп келеді.
AIKYN.KZ «Шайлыққа жетпейтін айлық» - Ақтөбеде шағын және орта бизнес иелері жұмысшыларына еліміздегі ең төменгі жалақыны да бермей отыр.
«”Ащы ішектей” сериалдардың ақыры неге ұрындырады?» - Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед журналистермен бас қосуында отандық арналардың шетелдік, оның ішінде түркиялық және корей сериалдарды көптеп көрсетіп кеткендігін айтып, «Біздің арналар шетелдік сериалдардың соңына тым түсіп кетті.
«Көгілдір қоғам» - Әлемнің әміршісі Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімінде: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық» деген болатын. Қожайын бұйырды, құл бағынуы керек еді.
ABAI.KZ «Путинге адал қызмет» - Неге мемлекеттік қызметкер мемлекетке берген есебін мемлекеттік тілде жасамайды? Неге көрші шетел елдің мемлекеттік тілінде сөйлейді көбінесе?
«Базар... жоқ, баға арзандамайды!» - Бизнес-саммитте халықаралық деңгейдегі сарапшылар «Қазақстанда жеткілікті мөлшерде сауда алаңдары болмайынша елдегі тауарлар мен тамақ өнімдері бағаларының төмендей қоюы екіталай, тіпті мүмкін де емес» деген қорытынды жасады.
«Айыппұлдың ақшасы қайда, кімге кетеді?» - Жақында мұнайшылар астанасы атанып кеткен Атырау қаласында болған мамандар мен сарапшылар басқосуында өткен жылғы Қашағандағы апатқа байланысты экологиялық айыпұл мәселесімен қатар Каспий теңізінде «қынадай қырылып» жатқан балықтар және құстар мәселесі де қызу талқыланды.
«Дара билік дәуірі өтіп барады» - Парламенттің пәрменділігін арттыру үшін біртіндеп президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшетініміз жайында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сөзі қоғамдық ортада қызу талқыланып жатыр. Жоғарғы палата басшысы негізінен саяси жаңғырудың елімізде жүзеге асырылатындығын меңзеген болса керек.
SERKE.ORG. «”Зікіршілердің” “Екінші тақсыры” қашып жүріп қайтыс болды» - «Зікіршілер» деп аталатын сопылық сектаның жетекшілерінің бірі Нарымбай Разбекұлы Сыздықбаев шетелде қашып жүріп қайтыс болды» деп хабарлайды діни ұйым ішіндегі сенімді дереккөз.
AZATTYQ. ORG «Мұнайдың арзандауын кей сарапшы жақсыға жориды» - Батыс басылымдары "Егер мұнай бағасы барреліне 66 доллардан төмендесе, Қазақстан жыл сайын 20 миллиард доллар табыстан қағылады" деп болжайды. Бірақ "Баға 50 доллар болса да, экономика өсімі тоқтамайды" дейтіндер де бар.
«Назарбаев Франциядағы жанжалға қатысы жоғын айтты» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана мен Париж арасындағы әлдебір күмәнді келісім» туралы Батыста айтылып жатқан шулы оқиғаға қатысы жоғын мәлімдеді.