ALASHAINASY.KZ «Діни басқарма жиһадшыларға қатысты пәтуа шығарды» -Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстан азаматтарының мұсылман елдерінде орын алған соғысқа қатысуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
«Мұнай бағасын өндірушілер шешеді» - Мұнай бағасының түсіп бара жатқаны бүкіл әлемді алаңдатуда.
«Ресейде 40 миллион адам аш қалуы мүмкін, мұның салқыны бізге тие ме?» - Ресейдің қаржы омбудсмендері кешелі бері Ресейді келер жылы аса үлкен қиындық күтіп тұрғанын, егер Ресей билігі Батыспен санкция алмасуды доғармаса 2015 жылы елдің 40 миллионнан астам тұрғыны аш қалатынын ашып айтуда.
«Қарашығанақты игеруші шетелдік альянс шектен шықты» - Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында мектеп оқушылары мен ұстаздардың белгісіз газдан улану оқиғасы республиканы дүр сілкіндірді.
TURKYSTAN.KZ «Жабайы сән жастарды құбыжыққа айналдырды» - Қалада көзінің айналасын, мұрны мен ернін дөңгелетіп сырғамен көмкерген, денесіне сурет салған қыз-жігіттерді жиі кездестіретін болдық.
AZATTYQ. ORG «Сирияда соғысқан шешен сотталды» - Сирияда соғысқан 22 жастағы Шешенстан азаматы Саид Мажаев ісінің бұлыңғыр тұсы көп. Екі жылға түрмеге кесілген жігіттің туыстары оның ақталғанын қаласа, полиция өкілдері оған «тым жеңіл үкім кесілді» дейді.
«Президент туралы фильмге келушілер аз» - Бүгін кинорежиссер Рүстем Әбдірашовтің Қазақстан президенті туралы түсірген «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмі Алматы кинотеатрларында көрсетіле бастады.
«Путин Ресейдің ксенофобияға ұрынбасын айтты» - Ресей президенті Владимир Путин елінің Қырымды аннексиялауын ақтап, Украинаның ісіне кірісуін «отандастарды қорғау қажеттілігі» деп түсіндірді. Путиннің сөзінше, «Ресей ксенофобияға ұрынбайды, өйтсе әлсіздік болар еді».
«Олландтың Әблязов жайлы сөз қозғауы мүмкін емес» - Желтоқсанның 5-інде Франция президенті Қазақстанға ресми сапармен келмек. Бұрынғы дипломат бұл сапарды «Париждің Астана арқылы ЕАЭО-ға жол іздеуі» ретінде сипаттайды.
ABAI.KZ «ДСҰ: Бізді не күтіп тұр?» - Еліміз 2016 жылдың қаңтарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мүмкін.
«Белович кімнің мүддесін көздейді?» - «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» баспасөз қызметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылыс және құрылыс өнімдері мен тұрғын үй-шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Беловичтің айтқан сөздерін жоққа шығаратын мәлімдеме таратып отыр.
QASYM.KZ «"Жұмекеннің домбырасы туралы сырды ашып берейін"» - Жұмекеннің тұңғиық поэзиясын күмбірлеген күйге балауға болады.