Атырау, 19 желтоқсан 14:14
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Мұнайдан мән кетті". "Зейнетақы алдағы уақытта жаңа жүйемен есептеледі". "Рубльдің құлауы Қазақстанға қалай әсер етпек?". "Украинаның шетелдік министрлері". "Молдованың Батыс пен Ресей арасындағы таңдауы".

2 208 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Мұнайдан мән кетті»- Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 68 долларға дейін төмендеді. Бұл туралы «РосБизнесКонсалтинг» компаниясы хабарлады. Бағаның күрт құлдырауына Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC)  мұнай өндіруде белгіленген квота мөлшерін сақтап тұру туралы шешімі әсер еткен.

ALASHAINASY.KZ. «Ресейде 40 миллион адам аш қалуы мүмкін, мұның салқыны бізге тие ме?» - Ресейдің қаржы омбудсмендері кешелі бері Ресейді келер жылы аса үлкен қиындық күтіп тұрғанын, егер Ресей билігі Батыспен санкция алмасуды доғармаса 2015 жылы елдің 40 миллионнан астам тұрғыны аш қалатынын ашып айтуда.

«Зейнетақы алдағы уақытта жаңа жүйемен есептеледі» - Соңғы жылдары елімізде зейнетақы туралы заңға бірқатар өзгерістер енгені белгілі. Енгізілген өзгерістерге сәйкес ерлер мен әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы теңесті. Жекеменшік зейнетақы қорларының бәрі Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына біріктірілді.

«Мұнай енді бұрынғыдай болмайды, ал бізді не күтіп тұр?» - Нақ қазір Ресей қаржыгерлері осы аптаның басын «қаралы дүйсенбі» атап даурығып жатқан тұс. Дүйсенбі күні Мәскеу қор биржасында рубль бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін арзандап, бір доллардың құны 50 рубльден асып кетті. Ал бір евро 63,24 рубльді құрады. Бұған қоса мұнай бағасы да күн сайын төмендеп барады. Мысалы, кешелі бері Brent маркалы мұнайдың бір баррельі 67,82 доллар болса, WTI маркалы мұнай бағасы 66,88 долларды құрап тұр.

AZATTYQ.ORG. «Рубльдің құлауы Қазақстанға қалай әсер етпек?» - Мұнай бағасының арзандауы мен Ресей рублінің күрт құлдырауы Қазақстанда пессимистік көңіл-күй тудырды. Экономистердің бірі қатер бар десе, екіншісі алаңдауға әзірше негіз жоғын айтады.

«Украинаның шетелдік министрлері» - Украина жұртта жоқ дәстүр шығарып, жаңа үкіметтегі үш маңызды министрлікті шетелдіктерге ұсынды. Парламент үкімет құрамын бекітерден бірер сағат бұрын ғана АҚШ, Грузия, Литва азаматтарына Украина паспорты берілді.

«Молдованың Батыс пен Ресей арасындағы таңдауы» - Молдованың биліктегі батысшыл коалициясы жақтастары парламенттен үкімет құруға жетерліктей орын алды. Бірақ жаңа сайланған парламентте Ресеймен жақындасуды қолдайтындар да аз емес.

4 желтоқсан 2014, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.