Атырау, 18 мамыр 20:19
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарақшыларды көшеден және подъезден ұстады

1 696 просмотра
30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні Авангард 2-ші ықшамаудандағы букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды. 
 
ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, медициналық демперде киген үш адам тапаншаға ұқсас затпен қоқан-лоққы көрсетіп, букмекерлік кеңсеге басып кірген. Күзетшіні ұрып-соғып, кассадан  70 мың теңгені алып, кассир әйелдің сөмкесінен тағы 20 мың теңгені ала кеткен.
 
- Бейнебақылау камераларының көмегімен полицияның патрульдік жасағы "із суытпай" екі күдіктіні - Атырау қаласының 18 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.  Көшеде ұсталған біріншісінің қалтасынан 7 медициналық демперде табылды.  ЕкіншісінАвангардтағы 5 қабатты үйлердің бірінің подъезінен ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің  179-бабы ("Қарақшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді Г. Мұхтарова. - Қарақшылық шабуылдың үшінші қатысушысын ұстау шаралары алынуда. 
 
Өз дереккөзімізден екінші күдіктінің ұсталар алдында ашық люк арқылы ақшаның бір бөлігін подъезд шатырына тастап үлгергені белгілі болды. Кейінірек оларды айғақтардың қатысуымен полицейлер тәркілеп алды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
2 желтоқсан 2014, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.