SERKE.ORG. «ҰҚК генералды құрбандыққа шалды ма?» - ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламановтың қамауға алынуы осы күш құрылымы жөнінде айтылатын даулы әңгімеге тамызық болып тұр.
JASQAZAQ.KZ. «Қолжаулық болған қаракөз» - Ислам дінінің атын жамылып, оның құндылықтарын аяққа таптаған, яғни теріс ағымда жүрген намазхан жігіттер қаракөз қарындастарының тағдырын неге ойыншыққа айналдыруда?
QAMSHY.KZ «Бағынышты БАҚ бағынышты қоғам қалыптастырады» - «Жығылғанға жұдырық». Онсыз дажылына бір рет қудалауға ұшырауы дәстүрге айналған «Адам бол» журналы тағы дақатты қысымға алынып жатыр.
QASYM.KZ «Әлемнің ашылмаған құпиялары» - Төрткүл дүние тылсымын бүгінге дейін бүгіп жатыр. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сан ғасыр өтсе де, түйткілі көп жұмбақ жетерлік. Бірақ дүниеде ақылы асқан нәрсе – адамзат қана.
AZATTYQ. ORG «Қырым татарларын тұтқындау тоқтамай тұр» - Қырым татарлары осы жылдың көктемінде наразылық шарасына шыққан төртінші адамды тұтқындаған жаңа биліктің рақымсыздығына наразы. Қырым татарлары жетекшілері Ресей аннексиясына қарсы болған еді.
«Ресейдің түбіне мұнай жетті» - Жеті күн бойы Ресей телевизиясының хабарларын үзбей көрген америкалық сарапшы мидың екі жақ бөлігінің арасындағы қайшылықты байқағанын айтады.
«Норвегия мұнайлы елдерге қандай үлгі көрсетті?» - Көптеген елдерде мұнайдың пайдасын тек биліктегі санаулы топ қана көреді. Мұнайдан түскен қаржыны халықтың игілігіне жұмсағысы келген мемлекет Норвегиядан үлгі алуына болады.
«Украинада соғысқан Ресей еріктілеріне заңды мәртебе сұрады» - Ресей депутаты Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында соғысып жатқан ресейлік еріктілерге «соғыс қимылдарына қатысушылар» деген мәртебе беруді ұсынды.
«Уланған ауыл тұрғындары көшіруді талап етеді» - Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылы тұрғындары көшіруді сұрап президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жазып, қол жинай бастады. Жуырда мұнда жаппай улану оқиғасы тіркелген.
«”Қоянды дауына” араласқан тұрғын – қамауда» - Астаналық Амангүл Соңғыбай қазанның соңында «алаяқтық жасады» деген күдікпен қамауға алынған болатын. Туыстары «ол жазықсыз сотталып кетуі мүмкін» деп алаң.