Атырау, 19 желтоқсан 13:39
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«ОПЕК-тің мұнай бағасын реттеуге шамасы жете ме?». «Ашаршылық: Украина кешегісін бүгінімен сабақтастырып ұсынуға тырысты». «Санкциялар салдары жыл соңында асқынады, ал Қазақстан мұны сезініп отыр ма?». «Еуразиялық парламенттің ”пәрмені”».

1 925 просмотра

ALASHAINASY.KZ      «ОПЕК-тің мұнай бағасын реттеуге шамасы жете ме?» - Әлем экономикасы бүгінде түпсіз шыңыраудың ернеуінде тұрған сынды. Алға бір қадам жасаса, бітті. Құлады. Шыңыраудан қайтып шығу оңайға соқпасы хақ. Қайтпек керек?

«Ашаршылық: Украина кешегісін бүгінімен сабақтастырып ұсынуға тырысты» - Өткен сенбіде Украина халқы ұлт қасіреті - ашаршылық құрбандарын еске алды. Бұл акция бірқатар еуропалық мемлекеттерден де қолдау тапты.

«Санкциялар салдары жыл соңында асқынады, ал Қазақстан мұны сезініп отыр ма?» - Кеше халықаралық қаржы-экономикалық форумында Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов Еуроодақ пен Ресей арасындағы санкциялар алмасуының әсері енді шыға бастайтынын жасырмады.

AZATTYQ. ORG      «”Жиһадқа” кеткен балаларын іздеушілер көбейді» - «Сирияға жиһадқа аттанған» кеңгірлік үш жігіттің ата-аналарының бірі баласын көре алмай қайтқан, бірі көріп келген, үшіншісі сол жақта қалған. Ол үшеудің бірінің қайынатасы қызын жібермейтінін айтады.

«Туған шаңырағынан пана таппаған балалар» - Алматыда жүздеген бала ата-ана мейірімін көрмейді. Тіпті кейбірі қатыгездік құрбанына айналып жатады. Сарапшылар балаларға қарсы қылмыс көбейгенін айтады. Бұл күндері Қазақстанда «Бала мен әйелге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр.

ABAI.KZ     «Жайна Сламбек: поп-журналистер көбейіп барады» - Қазақ тележурналистикасында елге етене танымал өзіндік аты мен заты бар кәсіпқой мамандардың бірегейі – Жайна Сламбек. 90-жылдарғы нағыз «Хабардың» «шинелінен шыққан», кейіннен бір өзі бір арна болған Жайна-журналистің экрандағы екпіні де, еркелігі де ерекше әлем.

ULT.KZ  «Еуразиялық парламенттің ”пәрмені”» - Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ парламенті болуы керек пе?  Астанада өткен «Президент.Парламент.Интеграция» халықаралық конференциясында Еуразиялық парламент құру мәселесі тағы көтерілді.

QAMSHY.KZ   «Кім кімді алдап жүр?» - Балуан Шолақ  шынайы бейнесіне біршама жақындатып салған портреті тұрғанда сайқымазақ мүсіндер неге керек? «Қазақ шенеуніктері. Түрме. Жылқы жылы» - Қазақияда елі үміт артып, үкімет жағалаған ақ жағалылардың бейбіт заманда «репрессияға» ұшырауы тым жиілеп кетті.

QASYM.KZ   «Жала» - Шәкен Айманов. Бұл есімді айтқанда қазақтың кең даласы, алып сахарасы көзге елестейді. Оның бойына сондай телегей-теңіз өнер, дархандық, кеңдік, жомарттық, мәрттік қонған.

25 қараша 2014, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.