Атырау, 19 желтоқсан 13:47
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Министр Елбасының саясатына қарсы ма?».«Мұнай бағасы 60 доллардан әрі құлдырай бермек, ал бізге не істеу керек?».«Болгария профессоры қазақтардың «жиһадқа» аттану себебін зерттейді». «Ахметов неге қамауға алынды?».«Мәсімов те Ахметов секілді қамала ма?».

2 951 просмотра

ALASHAINASY.KZ      «Министр Елбасының саясатына қарсы ма?» - Сенат бүгін салықтық жеңілдіктер беріп, кәсіпкерліктің қанатын кеңейтуге тырысатын заңды қабылдады.

«Депутаттар жылы жерде терлеп-тепшіп отыр, ал Амантай қақаған аязда отбасымен далада жүр» - Шенеуніктердің менмендігін сынға алған коммунист Владислав Косарев Мәсімов қатысқан алқалы жиында атқарушы билікке базына айтамын деп, депутаттардың өзін де түйреп алғандай болды.

«Мұнай бағасы 60 доллардан әрі құлдырай бермек, ал бізге не істеу керек?» - Бүгін Нью-Йорктегі JPMorgan (Джей-Пи-Морган-Чейз) халықаралық қаржылық институты «келер жылы мұнай бағасының бір баррелі 60-65 доллар болады, тіптен одан әрің де түсуі мүмкін» деген ақпарат таратты.

«Қазақстандықтар банктерге 2 триллион 600 миллиард теңге қарыз» - Бүгінде халқымызға несие алу «сәнге» айналғандай. Саяси шешімдер институтының мәліметіне сенсек, халқымыздың жартысына жуығы несиелі екен.

«Қазақ қыздары Сирияда кім үшін соғысып жүр?» - Бұған дейін де Қазақстан азаматтарының шет жерлердегі соғыстарға қатысқаны бұқаралық ақпарат құралдарында талай жазылды да, айтылды да. Содырларға қолдау көрсету үшін отбасымен, бала шағасымен Сирияға кеткен қазақстандықтар жайлы бенежазбалар да талай жарияланды.

«Жігіттер "дұрыс қыз жоқ" десе, қыздар "жөні түзу жігіт жоқ" дейді» - Бүгінгі күнгі ерлі-зайыптылардың ажырасу статистикасы адам шошырлық деңгейге жетті.

AZATTYQ. ORG     «Болгария профессоры қазақтардың «жиһадқа» аттану себебін зерттейді» - Болгариялық профессор Татяна Дронзина исламистерге қосылған қазақстандықтарды жиһадшы деп тырнақшаға алмай атауды ұсынады.  

TURKYSTAN.KZ   «Салыстырмадан сапа шығады» - Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің бастамасына дайындалып жатқан орталық банктердің долларға қатысты стратегиялық бағамы (курсы) күн өткен сайын анағұрлым айқындала бастады.

«Таэквондо тарланы – Мұстафа» - Мұстафа Өзтүрік. Бұл есімді газет оқырмандарына таныстырудың өзі артық.

RAS.KZ    «Ахметов бюджет қаражатын жеді деп айыпталып отыр» - Бұрынғы премьер-министр, бұрынғы қорғаныс министрі, бұлардан да да бұрын Қарағанды облысының әкімі болған Серік Ахметовке аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

ULT.   «Қытай "Тәуелсіздікке" көз тікті» - Қытай билігінің Астанадағы "Бейжің-Палас" қонақ үйіне көңілі толмайды.

QAMSHY.KZ   «Серік Ахметов неге қамауға алынды?» - Серік Ахметов аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандының Қазыбек би ауданы сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошеваға сілтеме жасап.

SHYN.KZ   «Мәсімов те Ахметов секілді қамала ма?» - Ақыры Серік Ахметов үй қамаққа алынды. Екі ай бойы Қарағандыдан ешқайда аттап шықпау туралы сот шешім шығарыпты.

20 қараша 2014, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.