Атырау, 27 қараша 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Оспанов ісі. «Атырау Жарыққа» Х-фактор арқылы қалай қысым жасалды

1 754 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат ОСПАНОВҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат ОСПАНОВАстана қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта басталған ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат ОСПАНОВҚА қатысты іс бойынша сот отырысында «Атырау Жарық» АҚ қызметі және соның ішінде, өңірлік монополистің жұмысындағы тариф қалыптастыру алгоритмі қаралды.

 

КӨЛІКТЕН ҚАШҚАН

Бұған дейін БАҚ беттерінде жарияланғандай, ТМРА басшысын үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде қаржы полициясы 300 000 доллар пара алды деп айыптап, жауап алғаннан кейін тұтқындаған болатын. Іс басында «қызық оқиғалы фильмге» ұқсас оқиғалар да болды. 2 шілдеде ТМРА-дан уақытша ұстау изоляторына бара жатқан жолда Оспанов жеңіл автокөліктен секіріп қашып, бірнеше метр жерден кері ұсталып, жеңіл жарақат алған болатын. Ол сотта ҚР ҚК-нің 311-бабы 5-тармағы («Лауазымды тұлғаның аса ірі мөлшерде пара алуы») бойынша айыпталуда. Онымен бірге ҚР ҚК-нің 312-бабы 5-тармағы («Лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беру») бойынша айыпталған Алматы қаласының тұрғыны Арман АҚТАЙ Атырау Жарық» Ақтайдан ат-тонын ала қашты» мақаласын оқыңыз)да сот орындығында отыр.

11 қарашада болған бірінші отырыста судья Ербол РАХЫМБЕКОВ баспасөзге сотталушыларды, сондай-ақ олардың адвокаттарын суретке түсіруге тыйым салған. Мемлекеттік айыптаушы Сандуғаш РЫСПАЕВА келесілерді хабарлады: ««Атырау Жарық» АҚ акционерлерінің құрамына кіруді қалаған Ақтай кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тұрақтылығына тікелей мүдделі болды. Астана қаласында Ақтаймен кездесіп, оның тарифтерді көтеруге деген қызығушылығын көрген Оспановта пара бопсалауға бағытталған қылмыстық ой пайда болады. Оспанов материалдық баю мақсатында өзінің лауазымдық құзіреті мен «Атырау Жарық» АҚ-тың бағынышты жағдайын пайдалануды көздейді. Ол Ақтайды кәсіпорынға тиетін зиянды зардаптардың алдын алу үшін өзіне пара беруге мәжбүрлейтіндей жағдайға қасақана әкеліп тірейді».

 

БҰЙРЫҚ ТАЛҚЫЛАНБАЙДЫ

Арман АҚТАЙ. Фото: golf.ruАрман АҚТАЙ. Фото: golf.ruОсыдан кейінгі сот отырыстары барысында Атырау облысы бойынша ТМРАД-тың бұрынғы төрағасы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВАНЫҢ, сондай-ақ, президент Айвар РАХМАНОВТАН басқа «Атырау Жарық» АҚ-тың барлық құрылтайшылары мен басшыларынан куәгерлік жауап алынды.

Олардың барлығы дерлік 2013 жылдың аяғынан бастап ТМРА басшылығы тарапынан өз тәжірибелерінде болмаған қысымға тап болғандарын мәлімдеді. Осы куәгерлердің бірі хабарлағандай, «2013 жылғы 25 қарашада біз ТМРА шешімімен бұрын 2014 жылға бекітілген 1 киловат/сағатқа 5,02 теңге мөлшеріндегі тарифтің күшін жойып, 4,22 теңгеге дейін төмендету жөнінде бұйрық алдық. Бұл тариф Атырау облысында 2008 жылда болған, осылайша Х-факторды сылтау қылып, бізді алты жылға кері лақтырды. Бұл біз үшін ашық күнде жай түскендей болды».

«Атырау Жарық» АҚ өкілдерінің айтуынша, бұл жаңа тариф электржелілік компанияға экономикалық күйреумен пара-пар еді, сондықтан да АҚ өз тәжірибесінде алғаш рет Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Агенттіктің 2013 жылғы 25 қарашасындағы бұйрығының күшін жою жөнінде талап-арыз түсірген. Сол күндері «АЖ» сұрақтарына жауап берген Атырау облысы бойынша ТМРАД басшысы Р. Мизамғалиева бұл фактіні растаған болатын. 2014 жылғы ақпанда сот ТМРА шешімін тоқтатып, тарифті 5,02 теңгеге қайтарды. Алайда жергілікті монополияға қарсы департамент сот шешімін орындаудан бас тартып, сонысымен Астанадағы басшыларын қолдады.

 

 

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ Х-ФАКТОРЫ

Даулы ахуал тарифті есептеу кезінде шығындардың белгілі бір бөлігі толық тексеруге және баптар бойынша қорғауға жатпаған кезде, салыстырмалы талдаудың жаңа әдістемесі (бенчмаркинг) ТМРА-ға 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілгеннен кейін туындады. «Атырау Жарық» АҚ өкілдерінің айтуынша, Атырау сотындағы отырыс барысында ТМРА-ның астаналық сарапшылары судьяға 2013 жылдың қарашасында «Атырау Жарық» үшін 2,5 есеге күрт өсіп кеткен Х-фактор деп аталатын есептеу алгоритмін ұғынықты етіп ақыры түсіндіріп бере алмаған. Естеріңізге салсам, бенчмаркинг принципіне сәйкес, Х-фактор жоғары болған сайын, тариф төмен болады.

«2013 жылы біз электр энергиясын өткізу көлемі бойынша өндірістік көрсеткіштерді 5,73 пайызға жақсарттық, абоненттер саны 3,78 пайызға көбейді, трансформаторлар қуаттылығы 3,6 пайызға көбейіп, энергияның технологиялық шығындары 0,7 пайызға азайды. Біз, кем дегенде, Х-факторды бізге сол деңгейде қалдырады деп үміттендік. Өйткені оны көбейтудің, оның үстіне бірден 2,5 есеге көбейтудің ешқандай математикалық қисыны болған жоқ», - деді сот залындағы куәгерлердің бірі.

Сотта энергішілер антимонополия тарапынан жасалған қысымға көнгендерін, 30 мамырда киловатт/сағат үшін 4,76 теңге аралық тарифі бойынша 2014 жылдың аяғына дейін жұмыс істеуге келісетіндіктері және ТМРА-ның оны қайта қарауды талап етпейтіндігі және сотқа талап-арыздар жазбауға кепілдік беретіндіктері жөнінде хат жолдағандарын жоққа шығармады. Сол күннің аяғында Астанада жаңа тарифті қабылдау туралы бұйрық әзірленді.

Прокурор мұндай мәмілеге келу қажеттілігі жөнінде сұрақ қойды. «Атырау Жарық» АҚ құрылтайшыларының бірі жауап ретінде, 4,22 теңге тариф болса, кәсіпорын кем дегенде бір миллиард теңгеге залалға ұшырар еді дегенді айтты. Тіпті 4,76 теңге тарифінің өзінен кәсіпорын 350-370 миллион теңге шамасында шығынға ұшырайды екен, бірақ «бұл бір жарым миллиард емес» деді. Содан соң, бұл «мәміле» тарифі «бізге әлі күнге дейін дұрыс жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр» деп қосып қойды.Бұдан басқа, ол «Х-фактор ТМРА әрекетіндегі жемқорлық жасаушы, өйткені шешім қабылдау бір адамның құзырында болады, ол «оған 4 немесе 12» қойыңдар» деп айта алады» деп тікелей мәлімдеді.

 

БАСЫ ЖҰМЫС ЖАСАМАДЫ

Мемлекеттік айыптаушы Сандуғаш Рыспаева өз айыптауында бұл жайтты былайша бағалады: «Тарифті бір киловатт/сағатқа 4,26 теңгеден 4,76 теңгеге дейін көтергені үшін Оспанов өзіне 300 мың доллар мөлшерінде пара беруді талап етті. (...). 2014 жылдың 5 маусымында тарифті көтеру туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін Оспанов Ақтайдан оның көмекшісі Ергешев арқылы 100 мың доллар мөлшерінде параның бір бөлігін алды. (...) 2014 жылдың 14 маусымында Ақтай Астанаға өзімен бірге қолма-қол ақшаларды – 200 мың долларды, яғни қалған бөлігін ала келді».

18 қарашада судья «іс жүргізуде жіберілген заң бұзушылықтарға» байланысты бірқатар табылған дәлелдерді мойындамау туралы Оспанов адвокаттарының өтінішхаттарын қабыл алмады.

Әңгіме, ең алдымен, тергеу жедел-іздестіру шаралары шеңберінде телефондарды тыңдау нәтижелері мен сотталушының пәтерін тінту хаттамалары туралы болып отыр.

Өздерінің өтінішхаттарында олар тіпті тергеу органдары қорғалушысының «миының жұмысын үзіп тастайтын» препаратты қолданғандығын желеуретті.

Келесі аптада тағы бір негізгі куәгер – ТМРА-ның электр және жылу энергетикасы саласын реттеу департаментінің бұрынғы директоры Калила КӨККӨЗОВАДАН жауап алынады деп күтілуде. Оның адвокатының мәлімдеуінше, қазір ол онкологиялық сырқаты бойынша стационарлық ем алып, операцияға әзірленуде. Мұрат Оспановқа келер болсақ, алғашқы отырыс барысында-ақ ол: «Кінәмді мойындамаймын... Айыптаушының айтқандарының бәрі дәлелденген жоқ, дәлелдердің қайдан алынғаны түсініксіз, мұның бәрі ойдан шығарылған» деп мәлімдеді.

Келесі сот отырысы 24 қарашада өтеді.

Жасұлан КӨЖЕКОВ,меншікті тілші, Астана қаласы

19 қараша 2014, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.