AZATTYQ.ORG. «Түркістан түрмесін сақтап қалуды ұсынды» - Сталин тұсында ішінде адам азаптап, тұтқындар қаза тапқан патша түрмесі қабырғалары Түркістанда сақталып қалған. Бірақ жекеменшікке өткен ғимаратты қожайын бұзғалы отыр. Өлкетанушылар биліктен жерді қайта сатып алуды сұрайды.
«Смайлик жапсырған адамдарға айыппұл салынды» - Алматы қалалық әкімдігіндегі стендке смайлик жапсырған екі адам айыппұл төлейтін болды. Олардың бірі - әкімнің қабылдауына жазылуға барған көпбалалы ана.
«ИМ содырлары арасынан Еуропа азаматтары көрінгені айтылды» - «Ислам мемлекеті» Сириядағы тұтқындардың басын кескенін көрсеткен видеода Ұлыбритания мен Франциядан барған содырлар да болуы мүмкін деген болжам бар.
«ҰҚК орыс ұлтшылы Поткинді «ұлтараздық қоздырды» деп айыптайды» - Қазақстанның бас прокуратурасы Азаттыққа ресейлік белсенді Александр Поткиннің (Белов) үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады.
TURKYSTAN.KZ. «Қазақтың тойын қара нәсілділер жаулап бара жатыр» - Репертуарында ойландыратын һәм күрсінтетін әндері көп әншіні тойға шақырмайды-мыс. Тойға бармайды екенсің, өзің табыстан, бала-шағаң несібеден қағылды дей бер. Жиған-тергенін тойда шашатын қазақтың даладай дарқан пейілі енді шетелдіктерді де еліте бастады.Өзгенің қаңсығын таңсық көретін әдет бұрыннан бар қанымызда. Қит етсе, шетелдік өнерпаздарды шақыруға әуеспіз.
«Еліміз Орта Азиядағы жемқорлық жайлаған елдердің үштігіне енді» - TRACE International бейкоммерциялық іскерлік қауымдастығының сарапшылары мен Американың Rand Corporation талдау орталығы әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша рейтинг жасады. Қазақстан осы рейтингтің 141-сатысына табан тіреді.
SERKE.ORG. «Заттыбек ән салғанда, жұрттың делебесі неге қозып кетеді?» - Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы туралы айтпақпыз. Ерекше атап өтетін жайт - өнер сахнасына кешеуілдеп келген оны аз уақытта өнер сүйер көпшілік қауым түгел мойындады. Бүгінде ол өзінің тынбай еңбектенуінің арқасында халықтың ыстық ықыласы мен ілтипатына бөленіп жүрген қазақ эстрадасындағы бірден-бір әнші. Заттыбектің көрермендерін магнитше өзіне тартып, бас айналдырар мұндай үлкен жетістікке жетуінің сыры неде болды екен? Соған үңіліп көрмекпіз.
ALASHAINASY.KZ. «Қазаққа қауіп люлилерден келіп жүрмесін...» - Алматы көшелерінде қайыр тілеп жүрген жандардың саны қанша? Ол белгісіз. Өйткені оның статистикасын жасап жүрген ешкім жоқ. Алақан жайып жүргендердің ұлтына қатысты айтсақ, әр алуан. Қазағы да, орысы да, тәжігі де, сығаны да бар. Ең өкініштісі, біздің елде олармен күрес дұрыс жолға қойылмаған.
«Брежневті үш рет ажалдан құтқарған мысық» - 18 жыл Кеңес Үкіметін басқарып, төрт рет еңбек ері атанып, ел жадында ерекше сүйісуімен есте қалған Брежневті кейінгі буын жақсы білмесе де, орта және алдыңғы буын өкілдері жақсы біледі. Ол қайтыс болғаннан кейін жазылған естеліктерде оның өте қарапайым, Кремльде қызмет істейтін қатардағы қызметкерлерге де ілтипатпен қарайтын басшы болғаны айтылады. Сондай естеліктердің бірінде оны талай рет өлімнен құтқарған мысық жайлы айтылады.
«Хиджап пен пәренженің айырмашылығы неде?» - Қазір елімізде хиджаб пен пәренженің айырмашылығын түсіне алмай, шатасып жүргендер баршылық. Тіпті кейбіреулер пәренжені хиджаб деп ойлап жүр. Сондықтан біз хиджаб пен пәренженің айырмашылығы туралы шағын материал жазғанды жөн санадық.
AIKYN.KZ. «Енді елде арзан үй болмайды» - Қазақстанда үй бағасы арзандамайды. Қазіргі кезде құны тым аспандап кеткен баспана бағасы таяу арада төмендейді деп күткен үйсіздердің үміті ешқашан ақталмайды. Қайта жыл жылжыған сайын онсыз да шарықтап тұрған пәтер құны тағы да ұшына беретін түрі бар. Мұны кеше елордада брифингте «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов мәлімдеді.