ALASHAINASY.KZ «Доллар келер жылы 200 теңгеден асуы мүмкін бе?» - Сарапшыларымыздың пайымдауынша, бізге девальвация дүбірі таяп қалған тәрізді. Бұған халықаралық тұрғыда бірнеше нақты себеп те бар. Ендеше талдап көрелік.
«Президент жаңа Жолдауды жариялады» - 11 қарашада «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - жаңа экономикалық саясат» атты жаңа Жолдауын жариялап, оны жылдың соңында таныстырудың негізгі себептерін түсіндірді.
«Қазақстанды төрт облысқа топтап басқару ұсынысы негізді ме?» - Осындай мәселені өзек еткен тосын ұсыныс ғаламторды шарлап кетті. Пікір айтушылар да табылып жатыр. Қазақстандағы 14 облыстың саны 4-ке қысқартылса деген бастаманың иесі Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы, облыстың бас сәулетшісі Бақытжан Әшірбаев.
«Қазақ ғылымы мен білімі қалың қалай?» - «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының биылғы Жолдауында «алдағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасауымыз керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз, мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады» деп көрсетілген.
«Терең ұйқыдағы тағдыр…» - Донорлық. Біле білгенге, бұл мәселе тек қан тапсырумен шектелмейді. Елімізде жүрек, өкпе, бүйрек, бауырға мұхтаж турасын айтсақ өмірі қыл үстінде тұрған адамдар жетіп артылады.
TURKYSTAN.KZ «Теңге – тәуелсіздіктің қарлығашы» - 15 қараша – Қазақстан жылнамасына алтын әріптермен жазылған күн.
AZATTYQ. ORG «Варшавадағы ұйым Жәкішевті босатуға шақырды» - Штаб-пәтері Варшава қаласында орналасқан «Ашық диалог» құқық қорғау ұйымы «саяси тұтқын» деп танылған Мұхтар Жәкішевтің өміріне қауіп төнді деп мәлімдеді.
«Бұл қырғиқабақ соғыс емес...» - Ресей мен Батыс арасындағы араздық қанша жерден асқынса да, оны қырғиқабақ соғыс деуге болмайды. Бұл - одан да өткен шатақ. Неге екенін Power Vertical блогында Брайан Уитмор баяндайды.
«Оралда украиналық нөмірі бар көлік ұсталды» - Қырымда тұратын ресейлік екі азамат 10 күннен бері Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласынан кете алмай жүр. Олар Қазақстан территориясы арқылы Ресейдің бір аймағынан екінші өңіріне жүк апара жатқан. Бірақ жүк тиелген көлік Украинада тіркелген әрі рұқсат құжаты жоқ.
«Ресей депутаты шетелдік легион құруды ұсынды» - Ресей парламенті мүшесінің Орталық Азия елдері азаматтарынан жасақталған «шетелдік легион» құру туралы бастамасын қазақстандық кейбір сарапшылар арандатушылық сипаты бар ұсыныс деп сынады.
QAZAQUNI.KZ «Тәуелсіздік үшін күрестің екінші кезеңі басталды» - «Мұның барлығы соңғы жылдары қалыптасқан авторитарлық жүйе, жеке басқа табыну, шексіз мадақтау жүйесінің әсері».