Атырау, 12 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Колония қызметкерлері сайысты

2 245 просмотра

Өткен аптада УГ-157/11 әйелдер колониясы қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Мекеме қызметкерлері өзара «Сарбаз», «Қазақстан», «Фемида», «Ақ көгершін», «Батыс» болып бөлініп сайысқа түсті. Арқан тартысты, секірді, қапшық киіп жүгірді, спорттық би түрлерінен бақ сынасты.

Әрине, осының бәрі келмеске кеткен одақ тұсындағы шараларды еске түсіреді. Бірақ үнемі айыптылармен алысқан ауыр күндердің арасында  бұл да қызметкерлерге моральдық қолдау болар. Сонымен бірінші орынды «Қазақстан» командасы», екінші орынды «Фемида»,ал үшінші орынды «Сарбаздар» иеленді. Олардың әрқайсысы бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздарына ие болды.

Сәния ТОЙКЕН

4 тамыз 2011, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.