Атырау, 27 қараша 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Погон таққан жемқорлар

2 575 просмотра

«Жемқорлық шенділер қатарында өсіп барады» деп дабыл қағады Батыс аймағы әскери прокурорының орынбасары әділет полковнигі Е.ӨНЕРБАЕВ.

Мәселен, Атырау қаласында орналасқан әскери бөлімдердегі  әскери полицияның бірі «қызметке  қабылдап және ары қарай «қамқорлығына» алуға уәде бергені үшін қызметке орналаспақшы болған адамнан 16 000 теңге пара алған. Бұл жайт  Атырау облысы бойынша экономикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталып, әлгі  әскери қызметшіге қатысты Қылмыстық кодекстің 311-ші «Пара алу» жөніндегі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мұндай жәйттер Ақтөбе гарнизонында  да  орын алған. Ондағы парақор әскери лауызым иесі  осы бап бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Енді ол 3 жылға дейін лауазымды қызмет атқара алмайды. Ал тағы бір әскери қызметкердің жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды. Оған әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, Ақтөбе гарнизоны әскери соты шешімімен 116 320 теңге айыппұл салынған. 

- Сондай-ақ Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінде де  қызмет бабын пайдаланып, өз-өзіне сыйақы тағайындаған әскери қызметші анықталған. Оған заңды бұзғаны үшін  Ф.1-К кәртішкесі  қойылды,-деп мәлімдейді Е.Өнербаев.

Сыбайлас жемқорлыққа барып, пара алған әскери қызметшілер жайлы білгендеріңізді Батыс аймағы әскери прокуратурасына мына телефон арқылы хабарлауларыңызға болады: 27-14-63, 75-59-01.

Сәния ТОЙКЕН

4 тамыз 2011, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.