Атырау, 23 желтоқсан 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Му байқамай қол қойыпты

2 875 просмотра

Маңғыстауда мамырда басталған мұнайшылар ереуілі толастар емес. «Қаражанбас» кеніші мұнайшылары мен олардың туғандары тамыздың 1-і күні таңертең  Ақтаудағы орталық алаңға жиналды. Оларға «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы иелігіндегі «Қаламқас» кеніші мұнайшылары да қосылды.

- Оларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұлов қабылдады. Жұмыстан босатылмағандардың жұмыс орындарына оралуын, ал жұмыстан шығарылғандардың ҚМГ мен облыс әкімдігінің бірлескен жұмыс комиссиясы арқылы бос орындарға орналасуын ұсынды, - деп хабарлайды Маңғыстау  облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

 Ал Ақтауда 28 шілдеден берімаңғыстаулық мұнайшылардың құқығын қорғаушы тәуелсіз заңгер Наталья СОКОЛОВАНЫҢ соты жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, заңгер Наталья Соколоваға алдымен «заңсыз митинг ұйымдастырды» деген айып тағылған еді. Кейін «Қаражанбасмұнай» компаниясының басшысы Юань Мудың арызы негізінде Наталья Соколоваға қылмыстық кодекстің 164-бабына сәйкес «әлеуметтік жанжал тудырды» деген басқа бір айып тағылған болатын.

 «Қаражанбас» кеніші мұнайшыларының белсендісі Қуаныш СИСЕНБАЕВТЫҢ айтуынша, сотқа «Қаражанбасмұнай» компаниясы басшысы Юань МУ да қатысқан.

- Юань Му мырза өзінің аудармашысымен келді. Өзіне қойылған сауалдарға жауап берген ол істі қазақ басшыларға аудара салды. «Мен қағазда не жазылғанын білмедім, тек қол қой деген соң қойдым» деді, - дейді Қуаныш Сисенбаев.

Сонымен қатар Қуаныш Сисенбаев сотқа куәлік беруге келген «Қаражанбас» кеніші мұнайшыларының сот залына кіруіне кедергілер туындап отырғанын да айтады.

Сәния  ТОЙКЕН

4 тамыз 2011, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.