ALASHAINASY.KZ «Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығы: жауаппа, талап па?» - Қазақ мемлекеттілігіне қанша жыл? Орыс тарихынан әріде ме? Осы сұрақтар төңірегіндегі әңгіме ел арасында қызу талқыланды.
«Камбоджада қаза тапқандар» - Кеңестік саясаттың салдарынан жат елде жантәсілім еткен жерлестеріміздің тағдыры туралы ақиқат әлі толық ашылып біткен жоқ.
«Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?!» - Соңғы бір-екі жыл көлемінде елімізде саяси партиялар сайлауының өтетіні туралы түрлі болжамдар айтылып жүр.
«Бакка АҚШ лагері немесе ИСИМ-нің ордасы...» - АҚШ-тың «Washington Post» газеті ИСИМ-нің қайда құрылып, қайда жасақталғаны жайында ақпарат жариялады. «Бакка лагері – ИСИМ-ді «дүниеге әкелген» АҚШ түрмесі» деген тақырыппен жарияланған ақпаратта біраз жайттың басы көрінді.
«Қазақстанда доллар ұстауға тыйым салынуы мүмкін» - Ресейде долларға заңды түрде тыйым салынғалы жатыр. Бұл заң іске қосыла салысымен ресейліктердің банктегі доллар түріндегі бар шоттары жабылып, тәркіленеді, қолдағы шетелдік ақша да тартып алынады.
«Үнемшілдік құпияларын білесіз бе?» - «4 конверт» ережесі - кез-келген отбасыға бюджетті тиімді жүргізіп, артық шығынға ұшырамауға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл.
«Елдің түбіне "жазадан құтылғандар" жетпесін!» - Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарын қарап отырсаңыз мынандай тақырыпты жаңалықтардан көзіңіз сүрінеді.
AZATTYQ. ORG «Ресей кеткен соң Байқоңырдың жайы не болмақ?» - Ресей Қытаймен шекарасында салып жатқан космодромды келесі жылы іске қоспақшы. Қызылорда облысы әкімі инфрақұрылымды дамытуға «жеткілікті ақша бөлмейді» деп Ресейді сынайды.
«Ресейде Орталық Азия мигранттарына күдік күшейді» - Ресей баспасөзі, расталмаған деректерге сүйеніп, Мәскеуде «автокөлік ұрлайтындар» ісімен ұсталған күдіктілердің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қатысы болуы мүмкін деп жазды.
ABAI.KZ «Рейтинг үшін жанталас» - Облыс әкімдіктерінің ісіне баспасөз бен зерттеу орталықтары әртүрлі баға береді. Көп жағдайда - әлгі басылымдардың айтқаны көңілге қона бермейді.
«Мәдени нысандар жекешелендірілмейді» - Еліміздегі бірде-бір мұражай, бірде-бір галерея, бірде-бір театр жекешелендірілетін нысандардың тізіміне енгізілген жоқ,- деп мәлімдеді жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов.
SERKE.ORG. «Рахат Әлиевті айыптау қорытындысы дайын болды» - Вена түрмесінде жатқан Рахат Әлиевті айыптау қорытындысы Австрияның әділет министрлігінің қарауына келіп түсті. Жергілікті прокуратураның мәліметіне сүйенген Ö1 телеарнасы осындай хабар таратты.
SKIFNEWS. «Қазақстанның бас идеологы кім?» - Осы тұста Мусиннің орнын кім басты деген тағы бір сауал ойландырады бізді. Яғни, дәл қазір еліміздегі №1 идеолог кім? Бұл сұраққа біз – журналистер түгілі менмін деген саясаттанушылардың өздері де нақты жауап бере алмасы анық. Өйткені, елдегі саяси тұлғалардың арасында суырылып көш бастап тұрған ешкім жоқ, барлығының деңгейі шамалас. Яғни, саяси элитаның арасында біршама теңдік орнаған.