Атырау, 27 қараша 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Энергішілер «қысқы төлқұжат» алды

2 522 просмотра

Облыстың энергетикалық кәсіпорны қысқы маусымдағы жұмыстарға әзір. Бұл туралы «АЖ»-ға Энергетикалық қадағалау комитеті аумақтық департаментінің бөлім бастығы Қуанышбек ЖҰМИЕВ хабарлады.

Энергетикалық қадағалау өкілі қысқы жағдайда жұмыс жасауға жылу электр орталығын әзірлеу үшін 23 шара жоспарланғанын айтты. Оның 22-сі орындалған. Тек №9 турбоагрегатты жөндеу жұмысын аяқтау ғана қалған. Жұмыс биылғы жылдың желтоқсанында аяқталатын болады. Қарапайым жабдық қаланы жылумен қамту сапасына әсер етпейді.

Биылғы жылдың сәуірінен бастап «Атырау Жарық» АҚ ұзындығы 233,6 шақырым болатын, кернеуі 110 киловаттық әуе желісіне және т.б. күрделі жөндеу жүргізді. Қысқа әзірлік толық көлемде аяқталды.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ балансындағы қаланың магистральды жылу желілерінің ұзындығы 39,8 шақырымды, кварталдық желілер – 150,2 шақырымды, тарату желілері – 22 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстарының барысында магистральды және кварталдық желілердің 34 шақырым тұрбасы ауыстырылып, 40,7 шақырым жылу изоляциясы жөнделді.

Бұдан басқа, кернеуі 220 киловатт болатын «KEGOC» АҚ-на тиесілі 1681,2 шақырым әуе желісіне жөндеу жүргізілді.

Жоғарыда айталғандардың негізінде ҚР энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті облыстың энергетикалық кәсіпорындарына қысқы уақытта жұмыс жасауға әзірлігі төлқұжаттарын берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

7 қараша 2014, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.