ALASHAINASY.KZ «Біздің саясаткерлер тек саясатпен айналыспайды, кино да түсіреді...» - Саясатты жүргізу оңай шаруа емес: ол үлкен жауапкершілікпен қатар бойдағы барлық күш-қуатты сарқуды талап етеді. Міне, осындай ауыр жүгі бар қызметіне қарамастан кейбір отандық саясаткерлер кино саласына үлес қосуға уақыт тауып жүр. Мәселен, бұл ретте Әділбек Жақсыбеков, Болат Өтемұратов, Бекболат Тілеухан, Болат Әбілов сынды саясаткерлердің атын кездестіруге болады...
«Қазақстан осы "мұнай қарғысына" ұшырағаннан сау ма?» - Халық бензин тапшылығынан шаршады. Бұл шынайы дефицит пе? Жоқ, әлде қолдан жасалып отырған шара ма?
AIKYN.KZ «Қазақстан нарығына ислам ипотекасы келеді» - Келер жылы елімізде ислам ипотекалық компаниясы құрылады. Бұл Қазақстан нарығына ислам ипотекасы әкелетін бастама деуге болады.
TURKYSTAN.KZ «Мәскеуде өткен үш күн» - Ресей Федерациясының бас қаласы – Мәскеуге жолым аяқасты түсті.
AZATTYQ. ORG «Путин емес, Жириновскийге тарихты "түсіндіру"» - Қазақстандық үш саясаткер Ресей газетінде Владимир Жириновскийге жазған хатын жариялады. Олар қазақ мемлекеттілігі туралы тақырыпқа қатысты комментарий берген.
«Йеменде ұрланған тәжік акушер табылмады» - Йемен полициясы ұрланған тәжік акушер әйелін құтқаруға тырысып жатыр. Оның жоғалғанына он күн болды, бірақ әзірше ұрлаушылар ешбір талап қойған жоқ. Тәжік дәрігерлері айына 1 мың доллар табу үшін Йеменге жиі барады.
«”Алға, Қарақалпақстанның” жетекшісі жәрдем сұрады» - «Алға, Қарақалпақстан» қозғалысының жетекшісі Аман Сағидоллаев Қырғызстандағы босқындар лагерінде тұрып жатыр. Ол «мені Өзбекстанға ұрлап әкетуі мүмкін» деп қауіптенеді.
JASQAZAQ.KZ. «Бензин безгегіне үкімет кінәлі» - Ұят-ай! Қазақстан әлемдегі мұнай өндіретін 20 елдің қатарында бола тұра, жанар-жағармай дағдарысына ұшырап отыр. Үшінші елден жоғары октанды бензин тасымалдау – уақытша ғана шара, ол дағдарыстан шығатын жол емес.
RAS.KZ «Бір білместіктің бүлдіргісі немесе қазақтар қалай кезінде “қырғыз” атанды?» - Біз екі ғасырдан бері айтылып-жазылып келе жатқан бұл мәселенің жай-жапсары тарихтан титтей хабары бар кез келген адамға белгілі ғой деп ойлап жүруші едік.
JAQSY.KZ «Арал теңізі адам қолымен жасалған...» - Үндістанға төте жол іздеуде Арал теңізі неге керек болды? Каспий теңізіне бұрынғы арнасында Әмудария құятын еді... Түрікмен елшісі Петр патшаға қандай ұсыныс жасады? Арал теңізінің біз білмейтін тарихы.