Атырау, 23 желтоқсан 14:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жалақыларын «соттасып» алды

2 190 просмотра

Қалалық сотта УГ-157/10 түзету мекемесі сотталушыларының талап арызы бойынша қаралған іс аяқталды. Олар өздеріне тиесілі еңбекақыларын төлеуді талап еткен болатын.

Колонияда өз жазаларынөтеп жатқансотталушылар өткен жылдың маусым айынан қарашаға дейін кеспе тастар мен жаяужол плиталарын дайындайтын «Rentkom» ЖК жұмыс жасаған еді. Жұмыс беруші мен түзету мекемесі арасындағы  келісім-шартта көрсетілгендей, олар ай сайын 15 мың теңге көлемінде еңбекақы алып тұруға тиісті болатын. Жұмыс беруші оларға 350 мың теңге қарыз болды. 

Сот талап арызды қанағаттандырды. «Rentkom» ЖК қарызын өтеуге міндеттеді. Сот шешімінде көрсетілгендей, әрбір талап арыз иесі жұмыс істеген күндері үшін өздеріне тиісті еңбекақыларын  және моральдық залал үшін 10 мың теңге көлеміндегі өтемақыларын алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 тамыз 2011, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.