Атырау, 23 желтоқсан 14:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тағы да 52 судья жұмыстан босамақ

2 301 просмотра

Өткен бейсенбіде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы  Бектас БЕКНАЗАРОВ республика масштабында online-конференция өткізді. 

Еліміздің журналистерінің сауалдарына жауап бере отырып, Бекназаров жекелей алғанда судья қатарларының тазалығына назар аударылатындығын баса айтты. Ол таяуда 52 судьяның жұмыстан босатылатындығын атап өтті. Елбасымыз бұған сәйкес жарлыққа қол қоймақшы.

«Барлық облыстарда судья қызметінің мониторингі жүргізілуде, жұмыс қорытындылары талдануда, ал, егер, судья өз міндетін атқара алмаса, сауатсыз әрі әділетсіз болса, онда оған тиісті шаралар қолданылатын болады,-деп мәлімдеді ол. - Өткен жылы өз лауазымдарынан 35 судья босап үлгерді».

Бас судьяның айтуынша, осы уақытта Жоғарғы сот көптеген түрлі жұмыстармен айналысуда. Мәселен, өткен жылы сот актілерін қайта қарау бойынша 10 мыңнан аса өтінішхаттар келіп түскен. Өтінішхаттарды қараудан басқа әрбір судьяның еншісінде  70-80 іс бар. Оның пікірінше, Жоғарғы сот барынша маңызды істермен айналысуға тиісті болса, ал, ол қарапайым ғана облыстық деңгейде шешілетін материалдарды қараумен отыр. Алқа соттардың жұмысы туралы да мәселе қозғалды. Алқа билердің ақталу үкімдерін  аз шығармайтындығы анықталды. Еліміз бойынша олар жарты жылда 183 қылмыстық іс қараған, осы істер бойынша 39 адам ақталып, 248 адам сотталған. Бәлкім, болашақта алқа билерге ауыр қылмыстар бойынша да істерді қарау құқығы берілетін болар. Әзірге олар аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қараумен айналысады.

Бүгінгі таңда судьялар жоғары еңбекақы алатын мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Аудандық соттың судьясы орташа алғанда 200 мың теңге, Жоғарғы сот судьясы одан екі-үш есе көп алады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2141 судья еңбек етеді.

Лев ГУЗИКОВ

4 тамыз 2011, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.