Атырау, 27 қараша 00:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Полиция өздеріне қастандық жасалғандығы туралы сыбысты жоққа шығарды

2 577 просмотра

Жақында Атырауда үш бірдей полиция қызметкеріне қастандық жасалды деген сыбыс тарады. Қылмыскерлер тіпті, оларды тірідей өртеп жіберуге тырысқан көрінеді!

Ұзынқұлақтан жеткен әңгімелерге қарағанда, тамыздың 2-сінен 3-не қараған түні жол жиегінде тұрған үш учаскелік полицейлерге  қарай  маңдарынан өтіп бара жатқан автокөліктен бір нәрсе лақтырылған. Шарт еткен дыбыс шығып, артынша олардың үшеуі де жалынға оранады. Алайда, жігіттер асып-саспады, отты алақандарымен және басқа қолдарына түскен заттармен өшіре бастады. Үстеріндегі бықсып жанған киімдерін шешіп алып, ауруханаға жетті. Өздеріне көрсетілген алғашқы дәрігерлік көмектен кейін олар ауруханаға жатудан бас тартып, есеңгіреген күйлері үйді-үйіне тарасқан. Қабылдау бөлімінде олар аты-жөндерін басқаша жаздырған.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА Атырауда мұндай жайдың орын алмағандығын мәлімдеп, бұл ақпаратты теріске шығарып отыр.

Лев ГУЗИКОВ

4 тамыз 2011, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.